Алиева Жанар Ибрагимовна - Ая-16-1м оқу тобының 2 курс магистранты
Нұрекешова Г.Р. - ғылыми жетекші, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (Қызылорда, Қазақстан)
Түйіндеме
Берілген мақалада ерте жастағы оқушыларға ағылшын тілін оқыту барысында ынталандыратын тиімді жолдар туралы айтылып, оларды қолдану барысында әр түрлі жаңа педагогикалық әдістерді, көрнекіліктерді, жаттығуларды және әлеуметтік топтардан көмекшілерді қолдану жолдарына тоқталған. Сонымен қатар әр түрлі жаттығуларды сабақ барысында қолданудың тиімді жолдарына мән беріліп, ерте жастағы оқушыларды тез әрі оңай ынталандыратын белсенділік жаттығулар және материалдар жүйесінің жаңа бағыттарын қолданудың тиімділігі жайлы айтылады. Бұл тиімді жолдарды пайдалану барысында ерте жастағы оқушылардың өздерін жауапкершілікке тартып, ат-салыстыра отырып, шетел тілін үйренуге деген қызығушылықтарын ояту жолдарына да тоқталды. Сабақта оқушылардың қызығушылықтарын ашатын ойын түрлері аталып өтті. Ең қызығы ағылшын тілін үйрету барысында ерте жастағы оқушылармен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаудың алатын орны ерекше екендігі айтылып кетті.
Кілт сөздер: белсенділік, көрнекіліктер, ынталандыру, әлеуметтік топтар.
Аннотация
В этой статье упоминаются способы мотивации школьников ранних возрастов к обучению английскому языку и обсуждение способов использования различных методов обучения, визуальные материалы, упражнений и использование помощников из социальных групп. В нем также основное внимание уделяется тем, как различные упражнения могут эффективно использоваться в классе, а также эффективность использование новые подходы мотивационных материалов и упражнений школьникам с ранних лет быстро и удобно. Также сосредоточился на том, как школьники ранних возрастов могут более восприимчиво и как пробудить интерес к изучению иностранного языка при использовании этих эффективных способов. Были упомянуты типы игр, которые открывают интересы школьников ранних возрастов на уроке. Самое интересное, что во время преподавание английского языка особенно важно общаться на английском языке с ранних лет.
Ключевые слова: активность, визуальные материалы, мотивировать, социальные группы.
Abstract
This article mentions ways to motivate schoolchildren of early ages to learn English and discuss ways to use different teaching methods, visual aids, exercises and the use of assistants from social groups. It also focuses on how different exercises can be effectively used in the classroom, and the effectiveness of using new approaches to motivational materials and exercises for schoolchildren of early ages is quick and convenient. It also focused on how schoolchildren of early ages can be more receptive and how to evoke interest in learning a foreign language using these effective methods. There were mentioned types of games that open the interests of schoolchildren of early ages in the class. The most interesting thing is that during the teaching of English it is especially important to communicate in English from an early age.
Keywords: activity, visual aids, to motivate, social groups.
Қазіргі қоғамда көп тілді жетік меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру және ерте жастағы оқушылардан бастап ағылшын тілін үйрету - өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатқа жету жолында жас ұрпақ үш тілді, яғни, қазақ, орыс жіне ағылшын тілдерін жетік меңгеруі тиіс.
Ерте жастағы оқушыларды оқыту кезінде мұғалімнің назар аударуын талап ететін жалпы қағидалар бар. Балалардың қоршаған әлем туралы білуге ынта-жігері жоғары болғандықтан, бұл қағидалар сыныпта балалардың қызығушылығын арттырудың құнды көзі болып табылады. Сондай-ақ, мұғалімдер ретінде біздің жеке көзқарастарымыз арқылы және сыныпта қолданатын белсенділік жаттығулар мен материалдар арқылы оларды жаңа бағыттарды зерттеуге деген қызығушылықтарын арттыра аламыз. Ағылшын тілін үйрету кезінде мұғалім балаларды әр түрлі жолдармен ынталандыра алады:
1. Белсенділік жаттығуларды көрнекіліктермен, реалия және қозғалыспен толықтыру.
Ерте жастағы оқушылар қысқа назар аударуды, сонымен қатар көп физикалық энергияны талап етеді. Бұдан басқа, балалар қоршаған ортамен тығыз байланыста болған кезде физикалық жағына және сезімге көбірек қызығушылық танытады. Скотт пен Итррберг былай сипаттайды: «Олардың түсінуі қолмен, көзімен және құлағымен келеді. Дене әлемі әрдайым үстемдік етеді» [1]. Оқушылар сабақ барысында әрдайым назар аударып отыру үшін және жаттығулармен айналысып отыруы үшін мұғалім айтатын әңгімелерде немесе айтатын әндерде қолданылатын әдемі көрнекіліктермен, ойыншықтармен, қуыршақтармен немесе көптеген әр түрлі дүниелермен толықтырып отырған жөн. Олар сондай-ақ белгілі бір әңгіменің мазмұнын тез түсінуге көмектеседі және одан кейін жасалынатын жаттығулар үшін, мысалы, әңгімелерден түсінгенін айту немесе ойлан-тап ойындары үшін әр түрлі көрнекіліктерді қолдана алады. Мұғалімге түрлі түсті суреттер мен қуыршақтар жасау үшін немесе ойыншықтар мен көрнекіліктер жинау үшін көп уақыт қажет болып, көп күш жұмсау керек болса да, дайындалған дүниелерді болашақта басқа да сыныптарда қайта пайдалануына мүмкіндік болады. Мұғалім жұқа қағаздардан жасалынған көрнекі материалдарды қалың қағазға қайтадан жасап ала алады немесе болашақта пайдалану үшін оларды ламинаттап ала алады.
Көрнекіліктерді дайындаудың керемет тәсілі – түрлі-түсті ойыншықтарды, қуыршақтарды, суреттерді, карталарды, күнтізбелерді және басқа да әр түрлі тақырып барысында пайдалана алатын дүниелерді жинау және басқа мұғалімдермен біріге отырып, бір-бірінің сыныптарында пайдалана беруіне әрі сақтап қоюына мүмкіндік беретін мектепке «Көрнекіліктер қорын» құруына болады.
Көрнекіліктермен қатар, тақырыпты ерте жастағы оқушыларға жеткізудің ең керемет тәсілі - сөйлемей, ыммен, қимылмен жеткізу. Сонымен қатар, әрдайым балалардың физикалық энергиясын қолдану ұсынылады, сондықтан мұғалім сыныпта, тіпті сыныптан тыс кезде кез келген ән, әңгіме, ойын немесе жаттығуларды ыммен, қимылмен қолдануына болады.
Джеймс Эшердің әдісі, жалпы физикалық реакция (ЖФР) [2], оқушылар мұғалімнің бірқатар нұсқауларына құлақ асып, физикалық түрде жауап бере алатын, ерте жастағы оқушылармен тығыз жұмыс жасайтын мұғалімдер арасында өте танымал әдіс.
Бұл танымал әдіс әңгіме-дүкенде және кез-келген қозғалыс немесе физикалық әрекетке қатысты шетел тілін үйретуге бағытталған әндермен бірге қолданылуы мүмкін. Балалар физикалық қозғалыстың көмегімен шетел тілін көңілді әрі жақсы есте сақтайды.
2. Оқушыларды көрнекіліктер мен реалияны жасауда ат салыстыру.
Оқуды қызықты етудің бір жолы - оқушыларды көрнекі немесе реалияны жасауға тарту. Сабақпен байланысты көрнекіліктерді жасаумен айналысатын балалардың болуы оқу үрдісінде тақырыпты оңай ашуына және сол тақырыпқа сай сөздіктерді тез ұғуына көмектеседі. Бұдан басқа, көркемсурет жасау немесе сурет салу кезінде өнер мен қолөнер тақырыптарына байланысты сөздіктерді үйренуге және жаттығулар жасауына болады. Әрине, мұндай кезде ерте жастағы оқушылар оқуға қызығушылық танытып, сабаққа барлық күш-жігерлерін салады және тақырыпты жақсы түсінуіне мүмкіндік туады.
Мұғалім тақырыпқа сай оқушыларға әртүрлі жануарлардың кейіпкерлерінің суретін салғыза алады немесе тіпті қуыршақтар жасауына да болады. Мысалы, егер әңгіме «Алтын бөліктер» және «Үш аюлар» жайлы болса, мұғалім әңгіменің әрекетін көрсету үшін қуыршақтарды пайдалана алады. Ерте жастағы оқушыларға әңгіме қызығырақ болу үшін мұғалім әңгімелерге дейін үш аюдың және алтынбөліктердің мүсіндерін қарындашпен салып алуға мүмкіндік береді. Бұл өте көп уақытты қажет етпейтін керемет кішкентай өнер жаттығуы. Егер оқушылар жақсы сурет салу үшін тым кішкентай болса, мұғалім қағазға кейіпкерлердің көшірмелерін жасап, оны оқушыларға кесіп береді, ал оқушылар мүсіндерді түрлі түсті қарындаштармен бояуына болады.
Әңгімелерді оқып болғаннан кейін, әңгімелердің мәтінін түсінгенін көрсету үшін қуыршақтарды қолданып оқушылар әңгімені тәжірибе жүзінде көрсету қажет.
Тағы бір әдіс - мектептегі көркем сурет мұғалімімен кеңесіп, қабілеттерді біріктіру. Егер сурет мұғалімі кейбір дүниелерді, суреттерді немесе қуыршақтарды жасап жатса, мұғалім сурет пәні мұғалімінен сыныптағы белгілі бір әңгімелерде немесе ойындарда пайдалана тұруына сұрай алады. Оқушылар ағылшын тілі сабағына келгенде, олар сурет сабағында жасаған өнер жобаларын қолдануына болады. Сонымен қатар, сабақ басында мұғалім сурет сабағында жасағандарын ағылшын тілінде сұрап бастауына болады.
Мұғалім кейбір жаттығуларда әр түрлі дүниелерді, ойыншықтарды, жануарларды немесе қуыршақтарды қолдануы мүмкін. «Көрсет және айт» жаттығуы - бұл өз ойыншықтарын қолдана отырып, сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыруға көмектесетін тамаша тәсіл. Сабаққа кіріспе кезінде оқушыларға өздерінің қуыршақтарын ағылшын тілінде түсіндіруіне мүмкіндік беретін қысқа «көрсет және айт» жаттығуын қолдануға болады.
Осы жаттығудан кейін, оқушылардың әкелген көрнекіліктерімен сабаққа кіріскен жөн.
3. Жаттығудан жаттығуға көшу.
Жоғарыда айтылғандай, ерте жастағы оқушылардың назары өте қысқа болады. Әсіресе 6 жастан 10 жасқа дейінгі оқушылар үшін жаттығудан жаттығуға тез ауысу өте жақсы идея. Мұғалім кез-келген жаттығуға 10-15 минуттан артық уақыт жұмсамау керек, себебі оқушылар тез жалығады.
Ересек оқушылар үшін, олардың қабілеті ұзақ уақытқа дейін белгілі бір жаттығуға назар аудара алады. 6-7 жас аралығындағы оқушылар үшін мұғалім 5-тен 10 минутқа дейінгі уақыттан тұратын жаттығуларды қолдануға тырысуы керек. 8-10 жас аралығындағы оқушыларға 10-дан 15 минутқа дейін созылатын жаттығуларды қолдана алады. Кейінірек жаттығуларды сол сабақта немесе алдағы сабақтар барысында қайта қолдануына болады.
Мысалы, егер ән немесе белгілі бір әңгіменің түсінігін айтатын болсақ, мұғалім осы өлеңге немесе әңгімеге сабақтың барлық уақытын арнамауы керек. Сабаққа қатысу барысында оқушыларды ынталандыру үшін ән немесе әңгімемен байланысты жаттығуды қолдануды жақсы ой деп ойлап, жаттығу жасап кетеді, содан кейін оқушылар тақырыпқа сай жұптасып жылдам ойын ойнауына болады. Осы қысқаша мысалда көрсетілгендей, жаттығулардың түрлерін ауыстырып отыру, ерте жастағы оқушыларды қызықтыруға көмектеседі.
Скотт және Итррберг сабақ барысында мынадай жаттығуларды қолдануды ұсынады [1]:
• тыныш / шулы жаттығулар;
• әртүрлі дағдыларға байланысты: тыңдау / сөйлеу / оқу / жазу;
• жеке / жұптасып / топтық жұмыс / бүкіл сыныптық жаттығулар;
• мұғалім-оқушы / оқушы-оқушы арасындағы жаттығулар.
Мұғалімдер сыныпта сабақ барысын және пайдаланылатын жаттығу түрлерін араластырып, қызықты өткізетін болса, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, осылайша ерте жастағы оқушыларға шетел тілін үйрену оңайға соғады.
4. Тақырыптар бойынша оқыту.
Әртүрлі жаттығулар қолданған кезде, оларды оқыту процесін жақсарту үшін бір-бірімен байланыстырған маңызды. Мазмұны ұқсас бір жаттығудан келесі жаттығуларға көшу оқушылардың тез түсінігін қалыптастырады және оны сабақ барысында пайдалануына көмектеседі. Алайда, жаттығулар бір-бірімен байланысты болмаған кезде сыныптағы шетел тілге деген оқушылар назарын тез жоғалтуға әкеп соқтырады. Оқушыларға ағылшын тілін үйрену және қарым-қатынас жасау үшін, ағылшын тілін пайдалану үшін табиғи жолдың алатын орны ерекше. Бір тақырып бойынша кеңірек талқылау үшін оқушыларға тілдік құрылымға қарағанда, мазмұн мен қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Белгілі тақырыпты жоспарлауды пайдалану жақсы идея болып табылады, себебі ол оқушылардың шетел тілін тез үйренуіне мүмкіндік беретін үлкен мазмұнды құрастырады. Ағылшын тілін оқушыларға үйрету кезінде мұғалім оқушылардың білімін қалыптастыруға көмек беретін барлық тілде қолдануға арналған көптеген жаттығуларды, әндерді және әңгімелерді қамтиды.
Бұл оқушыларға үйренген тілін қолданып, жаңа тіл үйренуге көмектеседі. Ерте жастағы оқушыларға арналған жалпы тақырыптар - жануарлар, достар, отбасы, немесе әңгіме, мысалы, Эрик Карлдың «Аш құрт» әңгімесі, яғни азық-түлік атауларын және апта күндерін қамтитын әңгіме[3]. Балалар есейген сайын, тақырыптар қоршаған ортаға, азаматтыққа, саудаға, веб-сайтқа немесе оларға қатысты кітапқа негізделген болуы мүмкін.
Хаас ерте жастағы оқушыларға шетел тілін үйретуде тақырыптық сабақты жоспарлауды қолдайды. «Шетел тілін үйрету кезінде мұғалімдер тақырыптық сабақтарды пайдаланса, мазмұнды ақпараттарға назар аударады, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейді және оқушыларға тілді мағыналы қолдана алуына, жаңа және күрделі жолдармен пайдалануға мүмкіндік береді»[4]. Сабақты жоспарлаудың жақсы тәсілі - оқушылардың басқа сабақтарда қандай тақырыпты оқып жатқанын және әрі қарай ұқсас тақырыпты пайдаланып, ағылшын тілін үйренуді үйрету.
Мұғалім оқушылардың ана тілінде оқитын басқа пәндер бойынша оқу жоспарын қарай алады немесе басқа пән мұғалімдерімен сөйлесе отырып, басқа пәндерге байланысты ағылшын тілінде тақырыптық сабақты құра алатынына көзі жетеді.
5. Оқушыларға таныс әңгімелер мен мәтіндерді қолдану.
Материалдарды немесе тақырыптарды таңдағанда, мұғалім оқушыларға олардың тілдік біліміне сай келетін және балалардың оларға қызығушылықтары тез оянатын материалдарды табуы маңызды. Ерте жастағы оқушылар өз мектебінде ана тіліндегі пәндерді, тақырыптарды және әңгімелерді жаңадан үйреніп келе жатқандықтан және когнитивті дамып келе жатқандықтан, олардың миында тек шектеулі білім мен тәжірибе болуы мүмкін. Бұл дегеніміз, ағылшын тілін үйрету кезінде пайдаланатын тақырыптар, оларға толықтай таныс жаңа үлгідегі және шетел тіліндегі тақырыптар болуы керек. Өздерінің ана тілінде тәжірибесі бар әңгімелер мен тақырыптарды қолдану, ерте жастағы оқушыларға өздерінің бұрыннан бар білімдерін толықтай жаңа шетел тілімен байланыстыруға көмектеседі.
Мұғалімдер ерте жастағы оқушыларға өздерінің ана тіліндегі сүйікті әңгімені алып және оны оқушыларға ағылшын тіліне аударуына, тіпті туған елде кездесетін жағдайларға байланысты тақырыптарды қолдана отырып тіл үйретуіне болады.
Бұл шетел тілінің мәдениеті туралы әңгімелер мен тақырыптарды қолдануға болмайды деп айтуға болмайды. Шетел тілін үйретудің бір мақсаты – ерте жастағы оқушыларды болашақта жаһандық азаматтар болуға дайындау үшін жаңа шетел тілдерді және жаңа мәдениеттерді үйренулеріне әсер ету.
Алайда мұғалімдер сыныпта ерте жастағы оқушылардың ана тіліндегі таныс мәтіндерді шетел тілінде қолдануға қорықпауы керек. Шындығында, тіпті ағылшын тілі мәдениетінен тақырып өткен кезде, сабақтың толық түсінікті болуына оқушылардың өз өмірлері мен тәжірибелерін, мәдениетін байланыстыру, салыстыру арқылы тақырыптың мазмұнын толықтай шетел тілінде түсіндіру оңай әрі ыңғайлы болады.
6. Ағылшын тілінде сынып тәртібін құру.
Ерте жастағы оқушылар құрылымдық ортада жақсы жұмыс істейді, яғни белгілі бір әрекеттер мен жаттығуларды күнделікті қайталап отыру арқылы ағылшын тілін тез әрі оңай үйрене алады. Сыныптағы күнделікті жаттығуларды бұлжытпай орындау, ерте жастағы оқушылардың өздерін оңай басқаруға көмектеседі. Мысалы, белгілі бір әңгімені оқудан бұрын оқушыларды мұқият тыңдауын қамтамасыз ету үшін немесе оларды сабақтан босату үшін мұғалім оқушылардың қайталап, сүйемелдеп отыруымен қысқа ырғақтағы әуендерді шырқауы мүмкін.
Оқушылардың сыныпқа жайғасып отыруларына дейін, мұғалім оқушыларға таныс алфавит әнін немесе жаңылтпаш әндер сияқты қысқа әнді шырқау арқылы сабақты бастайды. Міне, мұғалім сабақты бастамас бұрын ерте жастағы оқушыларды сергіту арқылы дайындап ала алады.
Жоғарылаймыз! Көкке жетеміз! (Балалар жоғарыға қолдарын көтереді).
Төменге түсеміз! (Балалар өздерінің аяқтарын ұстайды).
Қанекей отырып, шоуды бастаймыз! (Балалар отырады).
Солға қараймыз! (Солға қарай бастарын бұрады).
Оңға қараймыз! (Оңға қарай бастарын бұрады).
Қатты еңбек етейік және жаңа биіктерге жетейік![5. 27-29]
7. Шетел тілін қажет кезде құрал ретінде пайдалану.
Мұғалімдер әртүрлі түсіндірмелерді, анықтамаларды айтқанда «ағылшын тілінде ғана» ережесін қолдануға тырысқандықтан, кейде кей күрделі тіркестер ана тілде қолданғанда нашар түсіндіріледі. Қазіргі таңда мұғалімдер, әсіресе, ерте жастағы балаларға ағылшын тілін ағылшын тілінде үйрету үшін көптеп ынталанып, жігерленіп жатыр. Мұның бір себебі - оқушыларға ағылшын тілін барынша әсер еткізе білу. Неліктен ана тілді сабақ барысында қолданбаған жөн?
Бұл «Баяғы бір заманда» деген қиын түсінікті тез және оңай жолмен түсінікті етуге жеңілдік жасайды. Мұғалім ана тілінде күрделі сөзді тез түсіндіргеннен кейін, оқушылар әр әңгіменің басында келетін күрделі сөздің ағылшын тілінде қалай білдіруді біледі. Мұғалімдер әдетте сыныптағы көптеген жаттығуларда оқушылармен уақыты шектеулі болғандықтан, бұндай қиын түсініктерді бір рет қана түсіндірумен уақыт ұтады. Егер қиын сөз немесе түсіндірмені ана тілінде қолдан оңай әрі тиімдірек болса, оны сол ана тілінде пайдалану қалыпты жағдай болып табылады. Оқушылар түсіне алатын сөздерді мұғалім көрнекі, реалия және қимылдар арқылы да түсіндіріп кете алады[6].
Жаңа тілді аудару үшін ана тілін пайдалануға маңызды болып табылатын жаттығулардағы тілдік құрылымдарды мұқият анықтау қажет. Мұғалім күрделі сөзді түсінікті етуге уақытын жұмсағанша, тілдік құрылымдарға назар аударғаны жөн.
Сонымен қатар, сыныптағы барлық қарым-қатынастар ағылшын тілінде болса, біліктілігі өте төмен кейбір ерте жастағы оқушылардың сабаққа деген ынтасы тез түсуі мүмкін. Кейде мұндай оқушылар ағылшын тілін өздерінің ана тілдерінде ұғып, түсіндіре алады және бұл деңгейлері төмен оқушылар үшін қолайлы болуы мүмкін. Алайда мүмкіндігінше ана тіліндегі жауаптартарды алып, оларды ағылшын тіліне аудартқан дұрыс. Сонымен қатар, сабақ барысын ағылшын тілінде түсіндірген кезде, көптеген жаттығулардың түсіндірмелері өте күрделі болуы мүмкін, сондықтан оларды түсіндіруге көп уақыт жұмсамай, оқушылардың белсенділіктері маңызды екенін ескеріп, ана тілін қолданған жөн. Қысқаша айтқанда, мұғалім сыныпта ана тілін оқу процесін ілгері әрі тез алға тарту кезінде құрал ретінде пайдалана алады.
8. Әлеуметтік топтардан көмекшілерге жүгіну.
Мүмкін болған жағдайда, мұғалім ата-аналар мен жергілікті білім беру орындарындағы мұғалімдер тарапынан, ағылшын тілін меңгерген ересек тұлғалардан қысқа мәтінді әңгіме құрастырып, айтып беруге немесе кейбір жаттығуларға көмек көрсету мақсатында әлеуметтік топтардан көмек сұрап, шақырта алуларына мүмкіндіктері бар болады. Ағылшын тілін оқып жатқан, ағылшын тілін үйреніп жатқан немесе ағылшын тілін үйренушілерге деген көмегін аямайтын тілді жақсы меңгерген басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болған жөн. Танымайтын біреудің келіп және қызықты әңгімелер айтып беруі оқушыларды қызықтырады және күнделікті тұрақты біркелкі іс-әрекеттер, жаттығулар арасында үзіліс жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы әлеуметтік топтан келген қонақ мұғалімнің тілдік құрылымдарымен мұқият танысып, олармен сабақты үйлестіру керек. Көмекшiлердi пайдалану дегеніміз оқушылардың әлеуметтік топтардан келген қонақтармен ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алуы болып табылады және осындай маңызды оқиғаларды сабақ жоспарына енгiзу үшiн қосымша уақытты бөлу керек.
Сонымен қатар, мұғалім топтық жұмыстар немесе бірлескен жаттығулар жасағысы келген кезде, көмекшілер көмек көрсете алады. Ерте жастағы оқушылармен топтық жаттығуларды ұйымдастыру қиын болуы мүмкін, сондықтан арнайы еріктілерді сыныпты басқарып көмектесу үшін әлеуметтік топтардан алдыртуға болады. Мысалға, ойын ойнату мақсатында мұғалім сыныптың жан жағына бекеттер орналастырып, сол әр бекетке жеті түрлі ақпарат ұсынады. Оқушылар жекелеген арнайы тақырыптар бойынша, мысалы, жабайы жануарлар әлемі туралы және әр құрылықта мекендейтін елдер туралы, т.б ақпаратты жинау үшін бекеттерге барып, мүмкіндігінше ағылшын тілінде сұхбаттасып, ақпарат жинайды. Егер әр бекетте ағылшын тілінде сөйлей алатын еріктілер болса, онда оқушылар тапсырманы жақсы орындап шыға алады.
Ағылшын тілін ерте жастағы оқушыларға түрлі қағидаларды қолдану арқылы үйрету оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырып, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын оятуға мүмкіндік туады. Қазіргі таңда ағылшын тілін үйрену-заман талабы. Ерте жастан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттігін шыңдай түседі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. A. Skott and H. Ytreberg. Longman. http://www.cje.ids.czest.pl/biblioteka/6940128-Teaching-English-To-Children.pdf
2. James Asher. https://www.teachingenglish.org.uk/article/total-physical-response-tpr
3. Eric Carle. https://en.wikipedia.org/wiki/The_Very_Hungry_Caterpillar
4. Haas, M. 2000. Thematic, communicative language teaching in the K–8 classroom. ERIC Digest EDO-FL-00- http://www.cal.org/ resources/digest/0004thematic.html
5. Pinter, A. 2006. Teaching Young Language Learners. Oxford: Oxford University Press, p. 23–32.
6. Rixon, S. 2005. Optimum age or optimum conditions? Issues related to the teaching of languages to primary age children. http://www.british council.org/english/eyl/article01/html.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі