Өлең, жыр, ақындар

Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сәтбаев қаласы
"№14 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ғабдысаттар Меруерт Ғабдулмəлікқызы

Әрбір ұстаз өз оқушысының нені оқу керектігін, қалай оқу керектігін анықтай алады. Мысалы оқушыға тек қана белгілі бір білімді үйретуге болады. Бірақ ол жеткіліксіз, біз осыларды пайдалана отырып, оны ойлануға, саралауға, талдауға жеткізуіміз керек. Бұл дағдылар болашақтағы үлкен өмірде нық қадам басуға зор көмегін тигізеді. Бұл ретте мұғалімнің міндетіне оқушыға неғұрлым көбірек білім беру емес, оны оқушының өзі жинақтай алуына ықпал жасау кіреді. Мен өзімнің алдағы жұмысымда оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда диалогтік оқытуды неғұрлым көбірек қолдануды мақсат еттім. Себебі ол, оқушылардың ойларын нақты жүйелеуге, логикалық қабілеттерін дамуына көп көмегін тигізеді. Дилогтік оқыту сындарлы оқу теориясының оқушыныоқу үдерісінің белсенді топ өкілі ретінде қабылдауына түрткі болатын құралы. Бұл оқыту түрінде оқушыларда даралық қалыптасады. Дилогтік оқыту барлық сабақта қолданылады әрі белсенді ой айтудың, жұмыс түрінің негізі болады. 

Осы әдісті өз сабағымда қолдана отырып, мен өз оқушылармды жаңа қырынан тани бастадым. Олардың сабаққа деген көзқарасының өзгергендігін аңғардым. Диалогтік оқыту маған өз оқушыларымның білім деңгейінің қандай сатыда тұрғанын, оны дамыту үшін не істеу қажеттігін анықтауға көмегін тигізді. Диалогтік оқытуды енгізуде кездескен қиындықтарым мені келешекте мыналарды ойлануыма септігін тигізді: сабақта, топтық талқылауда оқушылардың бір мәмлеге келмей, уақытты үнемдемей тапсырмада қиналуы олардың жылдам тез ойланып, өз ойын ортаға саралап дұрыс жеткізе алмауынан деген шешімді қабылдауға. Сондықтан мен, оқушылардың ойлануына ықпал жасайтын әдіс-тәсілдерді көбірек кіріктіру қажеттігін байқадым. 

Александрдің  (2001, 2008) диалогтік оқытуына сәйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой\пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды. Бұдан келіп диалогтік оқытуды дамытудың маңыздылығы туады. Осы мақсатта келесі тапсырма дилогке арналады.  
«З оқушымен кеңес» әдісі арқылы оқушылар тақырып бойынша жұмыс жасайды. Бұл тапсырмада оқушылар А, В, С деп үш оқушыға бөлініп тақырып бойынша диалог құрастырды. Бұл тапсырмада бір А оқушы сұрақ қоюшы, В оқушы жауап беруші, С оқушы осы екі оқушының диалогін автор орындығына шығып оқып шығушы. Автор орындығында отырған оқушылар өздерінің тобындағы екі оқушының итақырып шеңберіндегі сөйлескен диалогін оқып, таныстырды. Мұнда оқушылардың көбі тек оқып шығумен шектелсе, талантты оқушылар «Мен өз тобымдағы А оқушы мен В оқушының әңгімесін тыңдай отырып» деп диалогті ерекше бір ұтқырлықпен жеткізе біледі. Берілген тапсырманы орындау кезінде мен сыныпта әлі де болса зерттеушілік әңгіменің  қалыптаспағанын байқадым (Барнс,1976 пен Мерсер, 2000). Оқушылар тапсырманы орындау барысында болжам ұсынып, талдау жасай алмайтындығы көрініс тапты.

Өзім жұмыс істейтін орыс сыныптарындағы қазақ тілінде сабақ бере отырып, олардың негізгі сөйлеу тілдері орта  буында яғни 5-6-7-сыныптарда қалыптасып негіз қаланатынын байқадым. Сол себептен осы сыныптарға байланысты диалог үлгілерін жинақтап, оны қолданысқа алуды басты мақсат етіп алдым. 

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану, бір-бірін оқыту, өзара бағалау, жұптық, топтық жұмыстар оқу сапасын арттыруда жақсы нәтиже беретіндігін түсіндім. Мұнда оқушылар оқу прцесінің маңызды бөлшегі болады. Жұптық, топтық жұмыстар оқушыларды бір-біріне жақындастырады, оқушылар бұл жұмыстарда жек дараланбай бірігіп жұмыс атқарады. Көп жағдайда олар бір-бірінің тарапынан қолдау тауып, олар өзінің білім алуымен қатар құрдастарының жоғары қарай өрлеуіне де жаупты болады.

Алдағы жұмыста да аталған тақырыпты дамыта отырып оқушылардың сөйлеу тілдреін біршама ілгерілеуіне қол жеткізе аламын деп ойлаймын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз