Мамырда мұғалімдерді аттестациядан өткізу жұмыстары басталады. Бұл туралы халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.
«Мұғалімдерді аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі, тестілеу сұрақтары дайын. Тестілеу жұмыстарын келесі айдан бастаймыз. Бүгінгі күні алпыс мың мұғалім өз еркімен осы тестілеу аттестациясына жазылды. Ол бізге не көрсетеді? Мұғалімдеріміз - білімді, сабақтарын біледі, өзіне сенімді, тестілеуден қорықпайды», - деді Ерлан Сағадиев.
Сонымен қатар министр жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жалғастырылып жатқанын айтты.
«Былтырғы жылы 1, 2, 5, 7 сыныптар өтті. Жаңа оқу бағдарламасы мен жаңа оқулықтар кезең-кезеңмен дайындалуда. Алдағы 2018 оқу жылынан бастап 3, 6, 8 сыныптар қосылып, жаңартылған білім беру мазмұнына көшу 70 пайызға орындалады деп есептеуге болады. Жаңа оқулықтар дайын. «Қоғамдық бағалау» порталында макеттері қойылды және апробация жүргізілуде»,- деді ол.
Министрдің атап өтуінше, 10-11 сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту бойынша да көп дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«Ол оқулықтарды, методикалық кешенді дайындау, мұғалімдердің дайындығын арттыру және ата-аналармен, мұғалімдермен талқылауды жалғастырып отырмыз. Оның себебі бізге дайындықты нақты түсіну қажет», - деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің айтуынша, өткен жылы 12 мыңнан астам мұғалім ағылшын тілі курстарынан өткен. Бүгінде олардың басым бөлігі өз еріктерімен А2-ден бастап В2-ге дейінгі курстарға жазылған.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі