Өлең, жыр, ақындар

Білім беру үдерісінде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану — табысты сабақ кепілі

«Н.Төреқұлов атындағы №121ЖОМ» КММ
директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Г. Абеуова

Елбасымыздың сарабдал да салиқалы саясатының жалғасы іспеттес болып, бүгінгі күннің заман талабына айналып отырған жаңартылған білім мазмұнына да өткенімізге екінші оқу жылы болып отыр. Білімді ұрпақ тәрбиелеу-әрбір ұстаздың міндеті мен парызы деп білеміз. Біздің «Н.Төреқұлов атындағы №121 жалпы орта мектебі» ұстаздары да осы жолда тынбай еңбек етуде. Оның бірден-бір дәлелі, жақында ғана өткен «Білім беру үдерісінде әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану- табысты сабақ кепілі» атты аудандық семинарда мектеп ұстаздарының көрсеткен ашық сабақ, коучинг, тренинг, әдіс-тәсілдері деп айта аламыз.

Семинардың негізгі мақсаты да білім беру үдерісінде оқушының іс-әрекетін бағалауда әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, нәтижеге қол жеткізу болатын. Семинар барысында барлық ұстаздарымыз осы мақсат төңірегінде  өз сабақтарын айтарлықтай жоғары дәрежеде өтіп шықты десек қателеспейміз. Семинарға Мақтарал АББ-нің әдіскері Қ.Дүйсенова мен тарих пәнінің әдіскері С.Бегімқұлов, ауданның тірек, серіктес мектептер мұғалімдері, оқу ісі орынбасарлары, модераторлар, пән мұғалімдарі қатысты.

Семинар барысында  Г.Мырзалиеваның бастамасымен «Жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыбында сахналық көрініс көрсетіліп, ән мен биден шашу шашылды.  Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің барлығы «Clil approach» әдісімен кіріктірілген сабақтар өтіп, заманауи жаңашылдықты көрсете білді. Атап айтар болсақ, З.Тажибаева мен  Ж.Амирбековалар, А.Сейдикеримова мен М.Айдаровалар Э.Муталиева мен С.Алимбековалар, Г. Шырынбекова мен А.Бакировалар, Ж.Жумаханова мен З.Валиевалар Г.Мырзалиева мен Н.Балхибаевалар, А.Атакулова мен Л.Батановалар  сапалы кіріктірілген ашық сабақтарын жоғары дәрежеде өткені- шәкірттердің ағылшын тілін де өз ана тілдеріндей біліп, өз ана тілдеріндей сүйетіндерінен байқалып тұрды. Ал, Л.Алибекова, Ж.Рахымжанова, С.Сандыбаева, Г.Қосқараева, Д.Попова, З.Сейтбековалар сәтті ашық сабақтарын көрсете білсе, әлеуметтік педагог П.Адырбекова 11 сынып оқушыларымен «Өмір, сен маған қымбатсың!» тақырыбында тренинг жүргізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Ерназарова мен мектеп психологтары  Г.Танабаева, Г.Кенжебековалар келген қонақтармен тренинг өткізіп, қонақтарды бір серпілтіп, қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, Б.Шындалиев, А.Идирисовалар өткізген «Өз роботтарының үлгісін жасау» атты үйірме жұмысына қатты қызығушылық танытып, келген қонақтар да ат салысты.

Мектебіміздің технология пәні мұғалімдері бастаған мектеп ұжымы көрме ұйымдастырып, қолдарынан келгенше өз әріптестеріне көмектесіп, бірлігі жарасқан үлкен ұжым екендіктерін тағы да бір дәлелдеді.

Семинар жұмысын қорытындылау мақсатында сөз алған, өтілген сабақтарды өте жақсы деген бағамен бағалаған Мақтарал АББ тарих пәнінің әдіскері С.Бегімқұлов: «Бұл мектеп жылда аудандық семинар беріп келе жатқан мектеп. Алдағы уақытта облыстық деңгейде семинар беруге қауқары жететін мектеп»-деп өз ұсынысын тастаса, Мақтарал АББ әдіскері  Қ.Дүйсенова бастауыш сыныпта ашық сабақ берген ұстаздардың тәжірибелі мамандарына сенетінін, солардың ішінен жас мамандарға Д.Попова мен З.Сейтбекованың сабақтарына арнайы кіргенін, олардың да тәжірибелі мамандардай сабақ өткенін айтып өз ризашылығын білдіріп, аудандық марапатқа лайықты деп өз ұсынысын айтып өтті.

Ұстаздарым биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып семинарға қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.

Иә, ұстаз жолы-қиын да қызықты жол. Білім беру саласында ұстаздарымыз әрқашан өтетін сабақтарын жаңартылған білім беру мазмұнының жаңашылдығымен түрлендіріп өте берсін деген ниеттеміз. Еңбектеріңізге тек қана жеңістер тілейміз. Осылайша біздің аудандық семинарымыз өз қызықшылықтарымен, жаңашылдығымен аяқталды.

C:\Users\Тультаева Феруза\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\IMG-20180423-WA0061.jpg


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Рыскул

Керемет жазылған мақала екен.
Маған ұнады.

Ахметова Галия

Жарайсын. Оте керемет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз