Қай елдің болмасын дамуында ұлттық мәдениетті өркендетудің маңызы орасан зор. Қазақ елі де осы жолмен жүріп келеді. Мәдениеті дамымаған халықтың келешегі де жоқ. Тек ұлттық мәдениетін өркендеткенде ғана дамудың жолына түсетіні хақ. Мәдениеттің ауқымы өте кең. Оның аясында сан ғасырлық ата-баба дәстүріне сай қалыптасқан мәдениет жатады. Тәуелсіздік алғанымызға биыл ғана жиырма бес жыл болғанымен, әлем жұртшылығы Қазақстан деген ел бар екенін қай салада болмасын мойындап қалды. «Қазақстан-2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясында Елбасымыз қазақстандықтарға жаңа белеске шығу жолындағы нақты бағыттар бойынша нақты міндеттер тұжырымдады. Сондай-ақ «Қазақстан-2050» стратегиясы – «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» екендігін атап өткен болатын. Соған сәйкес, мәдениет мәселелерінің ара-жігін кәсіби тұрғыдан ашып, ғылыми дәрежеде негіздейтін мәдениеттану саласының маңызы орасан зор. «Елiмiздiң ертеңі-бүгiнгi жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» – деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай бiлiмдi, жан-жақты қабілетті ұрпақты тәрбиелеу барлығымыздың міндетіміз.
Бүгінгі таңда қазақ елі 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын негізге ала отырып, өзінің алдына бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарынан көріну мақсатын қойып отыр. Бұл орайда, Президент Н.Ә.Назарбаев «Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек», — деп атап көрсеткен-ді. Яғни, қазіргі қазақ қоғамының көпшілігі жастар. Кез-келген жағдайда жастар қауымы бұқаралық күш. Осындай жағдайда жастар тәрбиесі, мәдениеті алдыңғы орындағы мәселе болып саналады. Мәдени өсу, білім, тәрбие болмай қазіргі жастардың өзін кемелдендіруі, қоғамды алға бастыруы мүмкін емес. Қазақ ұлтын алға бастыру да, артта қалдыру да жастардың қолында. Сондықтан, кез-келген адам әр ісі мен пікірінде адамгершілік, парасаттылық танытып, мәдениетті жолды таңдағаны жөн.
Философия ғылымдарының докторы,
профессор Масалимова А.Р
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ магистранты Даулетова Г.О
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі