Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ҰБТ мен мұғалім мәртебесіне қатысты Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады.
«Мұғалім мәртебесі осыған дейін қоғамда көп рет талқыланғаны белгілі. Алайда Білім және ғылым министрлігінің, әкімдіктердің мұғалімге деген қолайлы жұмыс күші мен көпшілік шараларға жұмылдыру секілді қарым-қатынасы мектептің өнегелі құндылықтарын бұрмалауға алып келеді», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Сонымен қатар ол 2017 жылдан бастап түлектердің қорытынды аттестациясын, мектеп емтихандарын жүргізудің жаңа форматы енгізілгенін еске салып өтті. Мектепті тәмамдауға арналған шара аттестаттарды тапсырумен аяқталады. Осы орайда оқушы мен мектептің ресми түрдегі өзара қарым-қатынасы аяқталады.
«Бірақ та бұрынғы түлектерге қатысты қызметтік құқықтары мен міндеттері болмаса да, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер талапкерлерді ҰБТ пунктеріне жеткізуге жауапты етіп тағайындалады. Осы мәселе бойынша біз 2017 жылы депутаттық сауалға бастамашылық еткен болатынбыз. Бұл ретте берілген жауапта Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 2018 жылы ҰБТ-ны өткізуді ұйымдастыру процесінде мұғалімдерді қатыстырмау мәселесін пысықтап жатқаны айтылған. Алайда бұл мәлімдеме тек сөз жүзінде қалып отыр. Процесс қайталанып жатыр», - деді Ирина Смирнова.
Депутат мектепке, мұғалімдерге деген осындай қатынас тұтынушылық мақсатта жасалып жатқанын әрі заңсыз екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде педагогтың мәртебесін төмендетеді.
«Білім және ғылым министрлігі мен әкімдіктер ҰБТ-ны тапсыру, оған қатысу, тестілеу нәтижелері әрбір талапкердің жеке ісі екенін түсінуі тиіс. Осыған байланысты мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ны ұйымдастыру міндетінен босату қажет деп санаймыз. Мұғалімдер еңбегін өздеріне тән емес қызмет түрлеріне пайдаланған қисынсыз», - деді ол.
Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әріптесінің айтқанын қолдай келе, мәселенің өзекті әрі уақытылы көтеріліп отырғанын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, биылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша мектептердің арасында рейтинг жүргізбейді.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі