Елордалық 301 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Кеше Астана әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен үздік мектеп бітірушілерін марапаттау рәсімі өтті.
Астана әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, биыл сондай-ақ 373 түлек үздік аттестат алды.
Қала басшысы түлектерді құттықтай отырып, елорда түлектерінің республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарында 281 медаль, соның ішінде 121 алтын, 66 күміс, 94 қола медаль жеңіп алғанын атап өтті.
«Биыл мектептерден дарынды балалар түлеп ұшуда. Мысалы, Астанадағы № 9 «Зерде» дарынды балаларға арналған мектептің оқушысы Нұрәли Сарбақышты бірден әлемнің 7 университеті оқуға шақырды. Ал Құдайбергенов Әлихан мен Шаяхметов Ерарслан - математикадан барлық халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары. Кемел Нұрдәулет физикадан барлық халықаралық олимпиадаларда алтын медаль жеңіп алған. № 60 мектеп-лицейінде білім алған Вандейкастель Синтия Сулуу - француз тілінен республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері атанған. Мұндай ақылды, мықты оқушылар саны жыл өткен сайын артып келеді. Әрине, бұл бізді қуантады. Біз оларды мақтан тұтамыз», - деді Ә. Исекешев.
Әкімнің айтуынша, биыл сұранысы жоғары мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарына 1 мың грант бөлінеді. Олардың ішінде web-дизайнерлер, bim-менеджер-жобалаушылар, IT-мамандар, құрылыстағы 3D-баспа жобалаушылары, инженер-электроншылар бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі