Алматы әкімі Бауыржан Байбек ҰБТ-да ең жоғарғы 140 баллды жинаған Шиара Құдайбергеновамен кездесті.
Биыл да Алматы қаласы ҰБТ-ның республикалық нәтижесі бойынша орташа 101,2 балмен бірінші орынға шықты. Алтын белгі иегерлерінің саны да былтырғыға қарағанда 100-ге артқан.
Ең жоғарғы 140 бал жинаған Шиара Құдайбергенова өзінің болашақтағы жоспарын қала басшысымен бөлісті.
«Мемлекет басшысына жастардың жұмысқа тұрып, білім алуына көп көңіл бөлгені үшін алғыс айтқым келеді. Ата-анам мен өзімнің атымнан 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып келген ұстаздарыма рахметімді айтамын», - деді түлек.
Қала басшысы Шиараға Давостағы бүкіләлемдік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабтың «Төртінші өнеркәсіптік революция» кітабының қазақ тіліндегі нұсқасын сыйлады.
«Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласында құндылықтар жүйесінде білім бірінші орынға шықса, ұлттың дамуына даңғыл жол ашылатынын айтқан болатын. Бүгінде Алматы кезекті рет еліміздің ғылым-білім, мәдениет орталығы екенін дәлелдеді. Биыл «Мемлекет басшысының 5 институционалдық идеясы» аясында қосымша 20 мың шәкіртақы бөлінді. 75 мыңға жуық орны бар студенттік жатақханалардың құрылысы басталды», - деді Бауыржан Байбек.
Айта кету керек, 2018 жылы ҰБТ-ға 6735 бала қатысты.
Олардың 3999-ы - қазақ тілінде, 2731-і - орыс тілінде, 5 түлек ағылшын тілінде тест тапсырды. 379 түлек шығармашылық емтиханды таңдады.
Қала бойынша орташа балл көрсеткіші 101,2 болды. Былтыр бұл көрсеткіш 100-ге жетпеген еді.
Алматыда түлектердің 55%-ы 100 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. 314 түлек 130-140 арасында бал жинады.
Ең жоғарғы балды республика бойынша №123 мектеп түлегі Шиара Құдайбергенова жинады. 139 балға №162 мектеп-гимназиясының түлегі Дәулет Хамзин мен №104 мектептің түлегі Айгерім Ибағалиева қол жеткізді. 137 - 138 балды 14 түлек жинаған.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі