Өлең, жыр, ақындар

Еліміздің бас қаласында 9000-ға жуық адам цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан өтті

Астана қаласы бойынша цифрлық сауаттылықты арттыру курсынан өткендер саны 8644-ке жетті.  Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлайды.

Цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында қала бойынша жаз бойы 10150 адамды оқыту көзделген.

«Курстықала бойынша 19 мекемеде жүргізіліп жатыр, онда 30 информатика мамандары дәріс беруде. Білім алушыларға дәріс екі тілде, сағат 10.00-нан 18.00-ге дейін өткізіледі. Тыңдаушылардың барлығы курстан өткендігі жөнінде сертификатпен марапатталады», —  деп аталып өтті әкімдікте.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған курсқа қатысты білім алушылардың ой-пікірлері оңды. Олардың айтуы бойынша бұл курсқа қатысу барысында біраз цифрлық біліктіліктерін арттырып, көптеген сайттар мен порталдарда жұмыс жасауды меңгерген.

«Жұмыс орынынан осындай мүмкіндік беріп, тегін курсқа қатысудамыз. Курс туралы естігенде жас болсам да алғашқылардың бірі болып жазылдым. Компьютерден бейхабар емеспін, алайда есіме түсірсем соңғы рет студент кезімде бұдан 12 жыл бұрын ғана белсенді қолданған екенмін. Бүгінгі таңда күнделікті интернет арқылы тапсырыс беруді жетік меңгерудемін, Word-та, Exel-де жұмыс жасаудың қыр-сырымен танысудамын», — дейді курсқа қатысушылардың бірі.

Еске сала кетелік, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында тегін курстар жұмысын бастап кеткен болатын. Әрбір курсқа қатысушы өзінің цифрлық біліктілігін 4 бағыт бойынша тегін арттыра алады. Атап айтсақ:

1. «Базалық цифрлы біліктілік» бойынша персоналды компьютерді және ноутбукті, мобильдік құрылғыларды, Интернет желісін, сондай-ақ, деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуын жетік біліп шығады;

2. «Электрондық үкімет пен электрондық мемлекеттік қызметтер» бойынша үйде отырып қажетті мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алубіліктілігін арттырады;

3. «Ашық үкімет» бойыншы біліктіліктің төрт түрлі компонентін қолдануға болады. Олар: ашық деректер, ашық нормативті-құқықтық актілер, ашық диалог пен бюджеттер;

4. «Электрондық сауда» блогында онлайн сатып алу, сату тәрізді біліктіліктерін арттырады;

Сондай-ақ, курс еліміздің барлық аймақтарында (аудан орталықтары, ауылдар) жүріп жатыр. Қазақстанның кез келген аймағы бойынша 1414 нөмірінен курстың өтетін орны мен күні туралы ақпаратты біле аласыздар (қоңырау шалу тегін).       


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар