Адам капиталын дамыту, яғни біліктілігің мен біліміңді тереңдету, бәсекеге қабілеттілік пен экономикамыздың дамуына тікелей әсер етеді деп хабарлайды liter.kz порталында.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының айтуынша ХІХ-ХХ ғасырларда дамыған елдер адами капиталға 20-30% -ды ғана инвестициялаған болса, ал физикалық қалған үлесін алып отырды. Ал XXI ғасырдың басында бұл арақатынас қарама-қарсыға өзгерді: 80% — адамның активтерінде болса, 20% — физикалық капитал үлесінде болды.
«Адам капиталының теорияшылары экономикалық өсу үшін оған салым салуға назараударады. Бұл жерде жұмыспен ұтымды қамту, еңбек нарығының оңтайлы қызмет етуі ерекше маңызға ие. Білім беру мен денсаулық сақтауды, еңбек өнімділігі мен табыс деңгейлерінің байланысын, кәсіпкерлік қызметті уәждеуді экономикалық қамтамасыз етуге дәлелі жетік көзқарасқажет» — дейді liter.kz порталы тілшілері.
Сондай-ақ, адам капиталы — мемлекеттің, экономикасы мен оның еңбекке жарамды азаматтарының бәсекеге қабілеттігін арттырудың қажетті ресурсы. Қазақстанда 2050 жылға қарай дүниежүзінің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған курс өзіндік адам капиталын дамытуға орасан мол инвестициялар салуды талап етеді.
Тек біліктілігі жоғары қызметкерлер ғана постиндустриялық қоғам, яғни «Білім мен жалпыға бірдей еңбек қоғамы» жағдайында қызметтің барлық түрлерінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге қабілетті.
Айта кетелік, Елбасы Н.Назарбаевтвың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы «Адами капитал — жаңғыру негізі» бөлімінде: «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. Білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл — жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты» — деп атап өтті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі