Қазіргі таңда 9 мыңнан аса елордалық тұрғын цифрлық сауаттылық курсынан өтті. Аталғанкурсқа келіп жатқан адамдардың саны көп. Оның ішінде егде тартқан адамдар, студенттер мен оқушылар да бар.
Астанадағы №76 мектеп-лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Ғалия Құлшыманованың айтуынша, дәріске келушілердің басым бөлігі үлкен жастағы тұрғындар.
«Қырық жастан бастап алпыс, жетпіс бес жас аралығындағы кісілер көп келді. Олар сабаққа шамамен бір ай көлемінде келіп жүрді. Өйткені олардың күнделікті ақпартты қабылдауы баяу болғасын, ол кісілер күнде бір-бір бағдарламадан үйреніп отырды. Күнделікті қайталайды, үйге барғаннан кейін өздері қайта есіне түсіріп, компьютерде жасап көріп, жаттығып жүрді. Түсінбеген жерлерін күнде келіп, жазып-сызып, сұрап алады», — деді курс жүргізушісі Ғ. Құлшыманова.
Сондай-ақ, ол курсқа қатысушылардың сертификат алатынын айтып, оған бір немесе бірнеше күн кететінін атап өтті. Бәрі де үйренушінің қарым-қабілетіне байланысты екен.
«40-50 жас аралығындағы кісілер бағдарламаны 1 күнде толығымен үйреніп біліп, сертификат алып кетті. Ал үлкен кісілер қабылдауы мен материалды алымына байланысты бір апта шамасында оқып, үйренгені туралы сертификат алды. Курсқа келушілер қатарында қолы бос зейнеткерлер ішінде тіпті, үздіксіз 1 ай бойы келіп жүргендері де болды», — дейді информатика пәнінің мұғалімі.
Цифрлық сауаттылық курсында мемлекеттік қызметті электрондық форматта пайдалану, онлайн-сауданы меңгеру, цифрлық машық, ашық үкімет сынды бағыттарды қамтиды.
«Бірінші — электрондық қызметтер. Ол бойынша компьютерді қалай қосу керек, қалай қолдану керек. Оның ішіндегі әртүрлі бағдарламалар бар. Сол бойынша қалай жұмыс жасау жолдарын таныстырып, үйреттік. Мысалы, Microsoft пен Excel бағдарламаларының бір-бірінен айырмашылығы қандай екенін түсіндірдік. Екінші бағыт–«Ашық үкімет». Ол бойынша цифрлық қолтаңбаның көмегімен жергілікті және де орталық мемлекеттік органдармен, әкімшілікпен байланыс жасау жолдарын үйреттік. Порталда өтініш пен арыз жазуды оқып білді. Үйден шықпай-ақ, осы қызметтерді пайдалану үлкен кісілер үшін таптырмас көмек деп ойлаймын. Өйткені егде адамдарға кейде жүріп-тұрудың өзі қиындық туғызып жатады ғой. Зейнеткерлер осы электрондық қызметтердің мүмкіншілігі мен артықшылығын көріп, қаншама уақытты үнемудеуге болатынына таң қалып жатты. Бір зейнеткер апайымыз тіпті өзінің әкімшілікке деген өтінішін де жазып үлгерді», – дейді Ғалия Құлшыманова.
Еске сала кетейік, цифрлық сауаттылық курстары еліміздің түкпір-түкпірінде оқытылып жатыр. Ол цифрлық ХҚО-лар мен әртүрлі мемлекеттік мекелерде, сондай-ақ білім ошақтарында үйретілуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында халықтың цифрлық сауаттылығы 85%-ға артатындығын Мемлекет басшысы Н. Назарбаев айтқан болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі