Үстіміздегі жылы жоғары оқу орындарына құжат тапсыру электрондық нұсқада болады. Бұған қоса, білім гранттарына қатысу конкурсы да жеңілдемек. Толықтай қағазбастылықтан арылып, цифрлық жүйеге көшу 2019 жылы жүзеге асатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі жағдай құжаттардың көптігінен қолайсыздыққа әкелуде. Әсіресе, құжаттарды архивте сақтау мен документ тапсыру үшін кезекке тұру ыңғайсыз болып отыр. Осы жағдайларда көп жауапкершілік құжат қабылдаушы техникалық хатшылардың мойнына артылуда.
«Жақын уақытта бұл жүйе толықтай цифрлық форматқа көшетін болады. Өтініш берушілер туралы барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алуды жоспарлап отырмыз. Осының арқасында талапкерлер интернет арқылы алыс шалғайдан өтініш бере алмақ. Сондай-ақ онлайн режимде Бірыңғай ұлттық тестілеу және кешенді тестілеуден өтуге болады. Нәтижесінде ҰБТ-ға қашықтықтан кіру мектеп көрсеткішінің төмендеуіне жол бермей, оқу үлгерімі төмен оқушыларды сынақтан өткізу бойынша мәселені шешеді», — деді А. Айтмағамбетов.
Бұдан өзге, ҰБТ-ны тапсыру және гранттар алу үшін онлайн-тіркеуді енгізу жүйесі университетті объективті таңдауға септігін тигізеді.
«Министрліктің ҰБТ қорытындысы бойынша аймақтардағы көрсеткішті бақылауды кейінге қалдыруы әлі бұл мәселені шешпеді. Өкінішке орай, бұл процесс қала және аудан әкімдіктерінің статистиканың соңынан жүруін тоқтатпай отыр», — деді вице-министр.
Айтмағамбетовтың айтуынша, аталған мәселені шешудің басқа да жолдары бар. Оның барлығы тамыз айында өтетін конференцияда талқыланатын болады. Тағы да айта кететін жайт, биыл білім гранттары 20 мыңға өскен.
«Ағымдағы жылы гранттар саны 20 мыңға өсті. Бакалаврға бөлінген гранттың жалпы көлемі 53,5 мың орынды құрады», – деді ол.
Айта кетейік, елімізде білім гранттарына ие болу конкурстары 16-26 шілде аралығында өткен болатын. Оған өтініш білдірген талапкерлердің саны 75,5 мың. 2018-2019 оқу жылына жоғары білімі бар мамандарды даярлауға 53 594 грант бөлінді. Оның 20 мыңнан астамы Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес техникалық мамандықтарға үлестірілген.
Ал, магистрлерді даярлауға 12 504 грант, PhD докторларына 2 240 грант арналған.
2018 жылы Қазақстан мектептерінде 147 мыңнан астам оқушы мектеп бітіріп, оның 102 мыңы ҰБТ тапсыруға барды. Биылғы орташа бал 82,6 құрады. Түлектердің 85 проценттен астамы шекті балды жинаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі