Ақтөбеде мектеп оқушысы туберкулезге шалдықты

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Ақтөбеде мектеп оқушысы туберкулезге шалдықты

Ақтөбеде мектеп оқушысы туберкулезге шалдықты — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Ақтөбеде 4 сынып оқушысынан құрт ауруы анықталды. Оқушылар түгел тексеруден өтіп жатыр.

«Орта мектеп оқушысынан құрт ауруы анықталуына байланысты манту сынамасы берілді. 2-11 сынып оқушылары рентгенге, флюорагрофияға түсіп жатыр. Бұл мектепте 1 мың бала оқиды десек, оның тең жартысы манту сынамасын алды. Сол жартысының 30 пайызында манту сынамасы істі. Ол оқушылар зертханалық тексеруден өтіп, фтизиатор дәрігерге қаралады», - деді № 4 Ақтөбе қалалық емханасының бөлім меңгерушісі Гүлбақыт Қоңырова.

Айта кетейік, мектеп мұғалімдері жаңа оқу жылына кіріспес бұрын медициналық тексеруден өткен. Ал мектепке санитарлық тазалық жұмысы жүргізілді.

ҚазАқпарат



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Білім бойынша мақалалар Ақтөбе облысы бойынша мақалалар Оқиға бойынша мақалалар Медицина бойынша мақалалар