Өлең, жыр, ақындар

Тіл

Панасыз қалған ұл мен тіл!...

Күндегі әдетімен, сағат 8:00 де жұмысқа шыққан Әділеттің алдынан балалары жүгіріп шығып, 

— Әке сен жұмысқа кеттің бе? Қашан келесің?
деп шуылдап жүр. Бір жағынан жұбайы келіп 

— Іске сәт 
деп қолына екі дорба ұстатты. Бірінде кешеден қалған қоқыс, енді бірінде түскі асы бар екен. Есіктен шыққан бойда қоқыс салған жәшікке жақындап барып, қоқыс толы дорбаны жәшікке лақтырып қалған еді, шыр еткен нәрестенің үні естілді. Аң-таң болып қалған Әділет жәшікке аса сақтықпен жақындап қарап еді, ой сұмдық-ай, төбесінен бір шелек мұздай су құйылғандай сезінді. Жәшіктің ішінде қанға малынған шүберекке ораулы нәресте жатыр. Әділет не істерін білмей қолына телефонын ала салып, 103-ке, 102-ге қоңырау шалды. Әбден есінен адасқан Әділет, жәшіктегі баланы құшағына алып еді, еріксіз көзіне жас үйірілді. 

— Мынау ұл ғой. О Алла, бұл сұмдық кімнің ойына келді екен? Қайран ұл, кімге ғана артық болып көрінді екен, қай залым сені бауырынан теуіп, өзгенің күшігін бауырына басты екен....
деп өз-өзімен күбірлеп тұр.....

Күндегі әдетімізбен таңғы сағат 8:00 де жұмысқа барайын деп үйден шығарда "До сбиданиа папа" деп алдыңнан балаларың жүгіріп шықса, жұмысқа келген сәтте "Нихау" деп әріптесім тұрса. Одан қалды тағы бір бөтен тілде біреу келіп алдымнан шүлдірлесе. Кімге қоңырау шаламын? "Здравствуйте, слушаю" деп тұратын 103-ке ма әлде "говорите" деп тұратын 102-ге ме?

— О Алла, бұл сұмдыққой, Қайран қазағымның тілі-ай кімге ғана артық болып көрінді екен, қай залым сені бауырынан теуіп, өзгенің күшігін бауырына басты екен?

деп ойлар ма екенбіз? Әлде көппен бірге шүлдірлеп біз де жүре берер ма екенбіз?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз