Өлең, жыр, ақындар

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың алғашқы ағартушы-педагогы, қазақ жазба әдебиетінің классигі, балалар әдебиетінің негізін салушы, аса ірі кемеңгер тұлға.

Ол Қостанай облысы Тобыл өзенінің жағасында дүниеге келген. Атасы Балқожа ел арасында аса қадірлі би болған. Балалық шағын ата қолында өткізген Ыбырай өз халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін сүйіп өскен. Мұсылманша сауат ашқан. Кейіннен орыс мектебі мен мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Орыс мәдениетін жетік меңгеріп, сол арқылы Батыс мәдениетіне қол созған. Өлең жазуға бала кезінен ден қойған.

Ыбырай Алтынсарин бар саналы ғұмырын өз халқына білім беруге арнаған. Қазақ даласында мектептер ашып, алғашқы оқулықтар, көркем шығармалар жазған. Мектеп ісінің жүйесін құрған. Балаларды оқуға шақырған. Сондықтан оны «Дала қоңырауы», «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» деп құрметпен атайды.

Оқуға кеңес береміз:

Ыбырай Алтынсарин шығармалары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Ару

Пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз