т.ғ.д,. профессор Жамалов А., Педагогика ғылымдарының магистрі Утебаева А.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, физика кафедрасы
«Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек», - деп Елбасымыз өз мақаласында жазды [1].
Елбасымыз біріншіден, «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақты жасау, екіншіден, қазіргі әдебиеттегі, музыка, театр саласы мен бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар мен ақындар, ел билеген тұлғалардың галереясын ашу, үшіншіден, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажеттігі туралы баяндады.
Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі [2].
Адамзат қоғамының тарихында, ұлттар қоғамының тарихында басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып, тарихтың қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дін, ділімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.
Қазақтың Ұлы даласында әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар дүниеге келді. Олардың жүрегі «Қазақ» деп соқты. Мысалы, Бейбарыс сұлтанның өзі туған жерін сағынып, жүрегінің қанжылағаны бізге тарихтан мәлім. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу арқылы қазіргі жастардың рухын көтеруге, жүректерінде паториоттық сезімдерін оятуға болады. Өткенді білмей, болашақты болжау қиын.
Әдебиеттер тізімі:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі