Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семейде теміржолшы отбасында туған. Ол әрдайым әсем және зор даусымен тыңдаушыларының сүйіспеншілігіне бөленіп келеді. Жеңістің 30 жылдығына арналған республикалық байқауда Роза «Әлия» әнімен зор табысқа қол жеткізді. Осы әнімен ол эстрада әлеміне жол ашты. 1976-1979 жылдары республикалық «Гүлдер» эстрадалық ансамблінің, 1979 жылдан «Қазақконцерт» бірлестігінің әншісі. Осы кезден бастап Роза Рымбаеваның шығармашылық өрлеуі басталады. Роза 1977 жылы «Өмір бойы әнмен бірге» атты Бүкіләлемдік теледидар байқауында бас жүлдеге ие болады. Осы жылы Роза тағы да екі «үлкен жүлдеге» — Болгарияда «Золотой Орфей» мен Польшада «Сопот» жүлделеріне қол жеткізеді. 1979 жылы Стамбулда өткен халықаралық байқаулардың иегері, 1983 жылы Кубада өткен «Гала-83» халықаралық байқауының бас жүлдегері болады.
Роза Рымбаева 2000 жылы «Парасат» орденін иеленіп, «Эстрада жұлдызы» номинациясы бойынша «Жыл адамы» атанды. 2004 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын иеленді. 2005 жылы Мәскеуде Эстрада жұлдыздары алаңында жұлдызы ашылды. 2007 жылы "Роза Рымбаева 30 жыл сахнада" мерейтойы өтті. 2008 жылы Пекин олимпиадасының факелын алып жүрді. 2008 жылы Қарағандыда жеке жұлдызы ашылды (Бибігүл Төлегеновадан кейін), эстрада әртісі номинациясында «Қазақстан әйелі» атанды. 2011 жылы Қазақстанда өткен VII Қысқы Азия Ойындарының гимнін орындап, факелды алып жүрді. 2011 жылы "Роза Рымбаева 35 жыл сахнада" мерейтойы өтті. 2012 жылы Жапония, Ресей, Түркия және Белоруссиядағы концерттік турнесі болды. 2013 жылы Imperial Сәң Үйінің бет бейнесі болды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі