Корейская косметика премиум класса

Зәуірбек Молдағалиұлы

Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев (1932) — Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, қазақ балет әртісі және педагог. Алматы мен Санкт-Петербург хореография училищелерінің жетілдіру сыныбын, Мәскеу Мемлекеттік театр және өнер институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрының балетмейстері болған.

Зәуірбек Райбаевтың репертуарында П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару», Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ. Қожамияровтың «Чин-Томур» және тағы басқа шығармалары бар.

Марапаттары:

— «Құрмет белгісі» ордені (1958)

— 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты.

— 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты.

— ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958).

— ҚР халық әртісі (1982).

— «Құрмет» (2001) ордендері

— ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы

— «Ерең еңбегі үшін» медальімен мараптталды.

— 1986 жылы оған ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығы (1986).

— Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×