Корейская косметика премиум класса

Дүзелханов Ағымсалы

Дүзелханов Ағымсалы — суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). Ағымсалы Дүзелханов 1951 жылы 19 тамызда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру. кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді.

Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітабі безендірген. «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Оғыз хан», «Көроғлы» т.б, кескіндеме туындыларының, сондай-ақ «Абылай хан», «Әбілқайыр хан», «Қазыбек би», «Әйтеке би», «Төле би», «Қорқыт» т.б. портреттер сериясының авторы.

Суретшінің туындылары Қазақстанның және шет елдердің өнер мұражайларына қойылған. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (2003). Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. ҚР Білім Беру ісінің Үздігі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

×