Егер көптеген атақты адамдардың өмірбаянына үңілетін болсақ, онда күндерінің көп бөлігінде іш пыстырарлық, бірсарынды жұмыстарды атқарғандығын көруге болады. Қай-қайсысын алып қарасақ та күннен күнге қайталана беретін әдеттерінің болғанын байқаймыз. Бұл қандай әдеттер, бұл әдеттер олардың жұмыс өнімділігіне қалай әсер еткен, бұл туралы ғылым не дейді? Осы жөнінде мақаладан оқуыңызға болады.
Мен үнемі ерте оянып, кофе жасап, жарықтың қалай пайда болатынын бақылаймын.
Көптеген табысты адамдардың ерте тұратын әдеті бар дегенге таңғала қоймассыз. Мысалы, Бенджамин Франклин, күнін таңғы 5-тен бастаған. «Apple» компаниясының бас директоры Тим Кук күн сайын таңғы 3:45-те оянады, ал одан сәл кешірек 4:00-де «Pepsi» CEO Индра Нуи күнін бастайды. Ричард Брэнсон күнде таңғы 5-те оянатыны жайлы:
Бизнесте өткен 50 жылдық өмірден түйгенім, егер ерте оянсам, күндік ие болар жетістігім көбірек болады, демек өмірде де жетістігім көбірек болмақ.
Оқуға кеңес береміз: Ричард Брэнсонның бойыңды рухтандыратын 11 даналық сөзі
«Vogue»–тың атақты редакторы Анна Винтур күнде таңертең 5:45-те теннис ойнайды. Эрнест Хемингуэй таңертең жазуды ұсынады:
...таң атқан соң мүмкіндігінше асыққан жөн. Бұл уақытта сізді ешкім мазаламайтын болады.
Салыстырмалы түрдегі жалғыздық — ерте оянудың ең жақсы сипаттамаларының бірі. Бұл өзімшіл болудың таптырмас мүмкіндігі, отбасы мүшелерінің алдында кінәні сезінбестен, өз қалауыңша кез келген нәрсені жасай алу (тек дауысты бәсеңдеткен түрде).
Оқуға кеңес береміз: Ерте тұруға қалай дағдылануға болады?
Дегенмен бұл тәсіл барлығы үшін бірдей жарай бермейді. Джефф Безос оятқышты қажет етпейді. Ол отбасымен уақыт өткізуді қалағандықтан, кездесулерді таңертеңге белгілемейді. Бірақ бұл «қарсы» деген аргумент емес. Бұл — сізге жаныңызға жақынын түрлі тәжірибе арқылы байқап көріңіз деген ұсыныс қана.
Ерте оянудан өзге де таңертең жасайтын кейбір пайдалы әдеттер бар. Өз өміріңіз жайлы ойлау үшін немесе жаңа күніңізге жігерлі, саналы түрде қадам басқаныңызға көз жеткізу үшін біраз уақыт бөліңіз. Мысалы, Стив Джобс күнде таңертең өзіне мына сұрақтарды қойған екен:
Егер бүгінгі күн менің өмірімнің соңғы күні болса, бүгін істейтін ісімді істер ме едім?
Тағы бір нұсқасы — оптимизм мен алғысқа зейін қою. Актриса Опра Уинфри алғыс күнделігін жүргізеді, ал Бенджамин Франклин болса өзінен: «мен бүгін қандай жақсылық жасай аламын?» деп сұраған екен. Бұл жауапкершілік сезімін оятуға, әрі күнделікті күйбең тірлікте алдына мақсат қоюға көмектесетін жақсы бір тәсілдердің бірі.
Оқуға кеңес береміз: Бенджамин Франклиннің адамгершілік жүйесі
Егер күннің агрессивті басталуын қаласаңыз, мотивациялық спикер Тони Роббинстен үлгі алыңыз. Ол әр таңын суы суық (13-градус) хауызға шомылудан бастайды екен. Ол мұны «бір нәрсені істеймін десем, бірден, ешқандай қиындыққа қарамастан істейтінімді есіме салуға» көмектесетініне бек сенеді. Мұндай тәжірибе үшін міндетті түрде жеке хауыздың болуы шарт емес. Суық душтың өзі де жарайды. Зерттеулер мұндай әдісті физикалық және менталдық денсаулық үшін өте пайдалы екен деп айтады.
Реттілік пен жүйелілік — табысты адамдардың басты ерекше қасиеті. Басқаша айтқанда, олар жалықтыратын жұмыстың нағыз шеберлері, бұл қаншалықты парадоксалды естілгенімен, бұл оларға өз өмірін бірегей етуге мүмкіндік берді.
Жазушы Стивен Кинг қалыптасқан күнделікті процедураларды шабыты жоқ кездің өзінде, миын жұмыс істеуге мәжбүр ететін сигнал ретінде пайдаланады. Ол бір стақан су немесе шай ішеді де, сағат 8:00–ден 8:30–ға дейін жұмысын істейді.
Әдеттегідей дәруменімді қабылдаймын, үнемі бір музыка ойнап тұрады, мен бәз-баяғы орнымда, қағаз да әрдайым сол жерде ... осындай біртектес, күнделікті іс-әрекеттердің жиынтығының мақсаты біреу-ақ — ол миға қазір бір дүниені ойлап, шығаратынын хабарлау.
Мұндай күнделікті қайталанатын іс-әрекеттер Кингке күніне 6 беттен жазуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жүйелі түрде күнделікті қайталанатын жұмыстар сізге маңызды нәрселер үшін уақыт қалатынына кепілдік бере алады. «Facebook» –тың атқарушы директоры Шерил Сандберг өз балаларымен тамақтану үшін күнделікті сағат 5:30-да жұмыстан қайтады екен. Ал жалғыз басты ана Тони Моррисон, күн сайын жұмысқа барар алдында өзінің бірінші романының бірнеше бетін жазуға үлгеру үшін таңғы сағат 4-те оянады екен.
Алайда, кейде керісінше болып жатады. Марк Твен өзі үшін қолайлы тәсілді қолдануды жөн көріп, осындай стратегиялардан бойын аулақ ұстаған екен. Бұл оған көңіл-күйіне байланысты күн тәртібін жоспарлауға мүмкіндік берді. Ол шабытқа байланысты жұмыс істеген. Кейде ол тәуліктеп жаза алса, кейде тіпті қағазға қолының ұшын тигізбеген.
Джефф Безос — бір мәселеліктің жақтаушысы. Яғни, барлық назарды аудару үшін бір нәрсеге зейінді шоғырландыру дегенді білдіреді.
Маған көп мәселелік ұнамайды. Егер мен электронды поштаны оқып отырсам, басқаны емес — тек қана электронды поштаны ғана оқығым келеді.
Оқуға кеңес береміз: Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос деген кім?
Бірақ Илон Макс бұл ережеге бағына бермейді. Ол электрондық поштаға келген хаттарды оқи отырып, бір уақытта өзінің 5 баласымен ойнай алатынын айтады.
Оқуға кеңес береміз: Илон Маск деген кім және әлемнің өзгеруіне қандай ықпалы бар?
Қайта күш жинау, ойды жинақтау үшін уақыт бөлу — өнімділік үшін өте қажетті фактор. Зерттеулер көрсеткендей, үзілістер міндетті түрде қажет, ал үзіліс болмаған жағдайда өнімділіктің де азаяры анық.
Оқуға кеңес береміз: Стресс сабағы
1. Серуендеу. Чарльз Диккенс, Людвиг ван Бетховен, Чарльз Дарвин және Зигмунд Фрейд — бұлардың бәрі көп серуендегенді жақсы көрген. Әрі мұнысы бекер емес. Стенфорд университетінің ғалымдары серуен креативті ынталандыратынын растады.
2. Шығармашылық хоббиге де көңіл бөліңіз. Альберт Эйнштейн күрделі тапсырмаларды ойластыру кезінде скрипкада немесе фортепианода ойнауға үзіліс жасап отырған. Осылайша ол өз теорияларын дамыту үшін шабыт іздеген.
Оқуға кеңес береміз: Альберт Эйнштейннен өмірлік 31 сабақ
3. Мызғып алу. Зерттеулер көрсеткендей, кофе ішуден гөрі қысқа уақытқа мызғып алу адамды жақсы сергіте алады. Көптеген белгілі қайраткерлер дәл осылай істеген. Маргарет Тэтчер, Альберт Эйнштейн, Джон Ф. Кеннеди және Джон Д. Кеннеди, Рокфеллер — бұлардың барлығы күндізгі ұйқы үшін қысқа үзіліс жасап тұрған. Сальвадор Дали мен Эдгар Аллан По мұндай тәжірибе шығармашылық ойлауға ықпал ететініне сенімді болған. Леонардо да Винчи мен Томас Эдисон барлық адамдар сияқты түнде ұйықтамай, күндіз, қысқа уақыт қана мызғып алған екен.
Оқуға кеңес береміз:
Томас Эдисон: 19 ғасырдың талантты бизнесмені
4. Оқу. Зерттеулер күнделікті оқу стрессті төмендетіп, эмпатияны күшейтеді және миды тонуста ұстайтынын көрсетеді. Көптеген табысты адамдар — көп оқитын жандар. Теодор Рузвельт күніне бір кітаптан оқыған. Ал қолы бос болмаған кезде, 2-3 күнде кітапті оқып бітіреді екен. Уоррен Баффеттің айтуы бойынша, ол күніне бес-алты сағат газет, есептер мен өмірбаяндарды оқитын көрінеді.
Оқуға кеңес береміз:
Уоррен Баффеттің 5/25 ережесі ең маңызды істерге көңіл бөлуге көмектеседі
Уоррен Баффетт: табысты инвестор
Сіз жұмысты қалай атқаратыныңыз ғана емес, сонымен қатар жұмысты қайда орындайтыныңыз маңызды. Жұмыс орныныз сізге бірден жұмысқа деген ниетіңізді арттыратындай ерекше болуы керек.
Жазушы әрі ақын Майя Энджелоу мұны шарықтау шегіне жеткізді — ол еңбектерін жазу үшін қонақ үй нөмірін жалға алды. Ол оны «жалғыз әрі керемет» деп сипаттап, оның отбасылық өмірі мен жұмысын араластырмауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Сондықтан дұрыс жұмыс жайы ұғымы өте кең. Мысалы, Стивен Кинг үшін, бәрі өзіне тиісті орнында тұрған, ұқыпты бөлмеде жұмыс істеуді қаласа, басқаларға тәртіпсіздік ұнайды екен (зерттеулерге сенсек, бұл шығармашылықты ынталандырады). Альберт Эйнштейн, Стив Джобс және Марк Твен осындай амалды қолданды. Бұл туралы Эйнштейн былай деген:
Егер үйілген үстел — бұл үйілген ақылдың белгісі болса, онда бос үстел нені білдіреді?
Барлығымыз да ұйқыға мұқтажбыз, әрі оның жетіспеушілігін жиі сезінеміз. Табысты адамдар осы физиологиялық қажеттілікке қатысты өте әртүрлі көзқараста.
Арианна Хаффингтон денсаулығы арықтаудан кейін нашарлағандықтан, ол денсаулыққа арналған жаңа медиа-стартап құрды. Джефф Безос күніне кемінде 8 сағат ұйықтауға тырысады, ол «энергия қуатын сезіну» үшін ұйқының дәл осындай мөлшері қажет екеніне сенімді.
Алайда, ғалымдар 7-8 сағат ұйқыны пайлады дегенімен, көптеген атақты адамдар аз ұйықтайтын қабілетін алға тартады. Маргарет Тетчер 4 сағат, Моцарт — 5, ал Маск, 2 бірдей компанияны іске қосу кезінде аптасына 80-90 сағаттан жұмыс істегендіктен, 6 сағаттық ұйқыға ауысуына тура келген. Ол тіпті үй мен жұмыс арасындағы жолға кететін уақытты үнемдеу үшін, «Tesla» фабрикасына өз көрпе-төсегін әкеліп қойған.
Оқуға кеңес береміз: Еңбекқордың құпиясы: Илон Маск қалай жұмыс істейді?
Біз сіздерге көптеген ұлы адамдардың күнделікті жасайтын әдеттерінен мысал келтірдік. Айта кетерлігі, олардың көпшілігі заманауи ғылыми зерттеулермен расталған. Байқала бермейтін, күнделікті қайталанатын әрекеттер сіздің өз-өзіңізді дамытуыңыз үшін өте маңызды. Осы кішкентай қадамдардан сіздің өміріңіз қалыптасады. Мұндай қарапайым, бірақ өте тиімді құралды пайдаланбаудың ешқандай себептері жоқ.
Барлық ұсынылған әдеттер сіз үшін қолайлы емес шығар. Алайда, мұны білудің жалғыз жолы — эксперимент. Барлық жоғарыда келтірілген нұсқаларды қолданып көріңіз, олардың бірнешеуін өз өміріңізге енгізіп, байқаңыз.
Ерте ояну — бұл ең алдымен жалғыз болуға, әрі уақытты өзін-өзі дамытуға арнауға таптырмас мүмкіндік. Күнді рефлексия мен өз-өзіңізді жігерлендіруден бастаңыз — бұл жұмысқа деген ынтаның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Қоршаған ортаны дұрыс құру және қалыптасқан әдеттерді салтыңызға айналдыру — өнімділікті арттыратын күйге жылдам енуге бірден-бір себепші бола алады.
Бір тапсырмаға зейініңізді барынша шоғырландыра біліңіз, демалуға да уақыт табуды ұмытпаңыз. Күшіңізді қалпына келтірудің ең жақсы тәсілі — қызмет түрін өзгерту. Қалыптасқан әдеттердің сан алуан түрін байқап көріңіз, осылайша арасынан дәл сізге сәйкес келетінін табыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Дәурен
Мақаламен қоса мақаладағы барлық сілтемелерді оқып шығып едім бір университет бітіріп шыққандай болдым)
Роза
Өте пайдалы мәліметтер