Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Ғарифолла Шырын
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан
«Адам көркі шүберек» деп тегін айтпаса керек қазақ аталарымыз. Шүберек демекші мен бүкіл Еуропа мен Азия елдерін қопармай-ақ, Қазақ елінің қазіргі сән әлемі жайында сөз еткім келеді. Иә, шыныменде өң беретінде, өзгертетінде мата бөлігі. Кезекте, атақтары түкпір-түкпір әлемге шықпасада, елімізге танымал брендтері бар қазақ дизайнерлері жайында сөз қозғасам деймін. «Алыстан арбаламай, жақыннан дорбала» демекші, өз туған шаһарым — Атырау қаласында тігінші-дизайнерлеріміз жетерлік. Енді сол шығарылған өнім мен тігіншілер жайында айта бастасам деймін. Бірінші кезекте Атырау қаласына ғана танымал емес, Аққыстау, Маңғыстау, Жаңаөзен елді мекендеріне таныс — «SM colletion» бренді. Толықтыра айтсам — Салтанат Мақсотова коллекциясы. Қазіргі таңда ательесін ашып, бизнесін қарқынды жүргізуде. Дизайнермен толық бетпе-бет жүздеспесемде, сыңғырлаған үнімен ұялы байланыс арқылы тілдесудің өзі мен үшін бір ғанибет. Сұхбат барысында бір түйгенім — Дизайнер қыз-келіншектердің кез-келген арманындағы кеш көйлектерінен бастап, той көйлегіне дейін тап бір сиқырлы перизаттар секілді тігіп бере алады. Ательеде өзінен бөлек қосымша 4 адам жұмыс атқарады. Дегенменде ең тез жұмысшы — тігіншінің өзі. Осы мамандыққа басында тек хобби ретінде қарағанын, тапсырыс берушілерін өз бөлмесінде қабылдағанын жасырмады. Бірақ, кейін уақыт өте келе осы жұмысы — сүйікті мамандығына айналғанын да айта өтті. Өз ательесін ашу оңайға түспегенін жәнеде ата-анасының қолдауымен, тапсырысшыларының сенімі арқау болды. Қазіргі кезде қарап отырсақ осының бәрі түс секілді көрінеді әрине, бірақта дәл осы кезде еңбектің ешқашан оңай жолмен келмейтінін есте ұстаған жөн секілді. Дизайнерге әрбір тапсырыс беруші мен көмекшілерінің ойы маңызды. Осы ерекшелігімен өз діттегеніне жете білді. Өнімдерінің орташа бағасы — 18 мыңнан бастап жоғарылайды. Таңдалатын мата үлгісі, өлшемі мен тігілетін күні, бағасымен басталмақ. Қазақ нақыш жайында сөз қозғалғанда, өнімдерінде қолданыста екенін, оны одан әрі дамытатынын айта өтті. Тігуден бөлек, осы саланы меңгертіп, үйретуші жас шәкірттері бар. SM collection бренді өз шаһарымыздан бөлек басқа қалаларды өнімдерімен таң қалдырып жүруіне дәлелдер жетер-ақ. Атырау қаласы Дизайнерлерінің өнім бағалары қазірге танымал дизайнерлердің сапасынанда, баға жағынанда кем емес екенін ескергеніміз жөн. Екінші кезекте «Assyl collection» этно киім брендінде. Тігіншіміз — Асыл Дюзбаева. Киім өнімдерін қазақы нақыштағы ою-өрнектермен үйлестіре тігудің шебері деп артық айтпасам, кем болмас. Тігу мен қатар дизайнер қыздарға «1 күнде көйлек» мастер классын өткізсе, бөбек аруларымызға арнап «Кішкентай тігінші» курсын өткізеді. Одан кейін «Zolotaya Igla» ательесі. Шығарушы — Ғазиза Хван. Тігіншіміз балғындарға арнап көйлек, бойжеткендерімізге кеш көйлектермен бірге күртеше, комбезді тапсырыспен тігеді. Жәнеде соңғысына «Irena Neibart» бренді. Бұл дизайнердің ерекшелігі неде деп ойлансаңыз, жауап ретінде family look тігін топтамасын айтар едім. Аналармен балапандарға бірдей матадан тігілген көйлектер. Осымен тігіншілер топтамасының соңына келдік десек қателесеміз, себебі әлі де біз білмейтін, естімеген тігіншілеріміз қаншама.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі