Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының III курс студенті Абаева Ақтілек
Жетекшісі: Жұмабаева Анархан
Тілім сөнсе мен қалайша үндесем
Шашыраған күн сәулесін көрмес ем.
Азат күнде бәрін бағым қып берген
Тәңіріме тәубемді айтып күн кешем.
Тарлан тарих тамырымен тілдесем
Өр елімнің өрлігімен үндес ем.
Елім маған не береді деп емес,
Мен еліме не берем деп күн кешем — деп өз өлеңіммен бастағым келеді тебіренісімді. Иә... әр перзенттің мойнына арқалаған міндеті, ауыр лепесі де, жауапкершілікті сезінтер борышы да осы шығар.
«Мен Қазақиямның өркендеуі үшін не істей аламын?» деген сұрақ төңірегінде өздігімше ой өрбітіп көрдім. Толғансам, санамды селт еткізген сан сауал мен көкірегімде қауғадай қарс айырылған межелі мақсаттың, ақ раушандай бүр жарған аласармас асқақ арманның түйіншегін сезіндім. Тарау жолдың имектелген бағытында құбыламды ұлтымның мүддесіне бағыштасам адаспас мүккамал сыйлайтыны анық. Қолыма қалам ұстасам, елім жайлы елжірей кететінімді жасырмаймын да. Елім деп егіліп қолыма ұстаған қаламның ұшатаған сәттері аз емес. Қасиетіңнен айналдым қара сөз. Қара қаламмен қара сөздің балын тамызып ой төге отырып ұлт келбетіндегі жауапкершілікті мейлінше жеткізсем асқан қуаныш болмас еді. Менің пайымымда мемлекетке деген махаббаттың өлшемі жоқ. Ол бүкпесіз ақтарылар жүрек түкпіріндегі ең ұлы сезім. Балаң ұрпақ бүгінде «рухани биіктіктің» шыңына сатылап көтерілуде. Азаттықтың рухы қазақ қоғамына тәуелсіздікпен қатар енсе де, сарын қобызын сызылтып өткен ұлттық қайнардың бастауларын кез келген жерден іздеймін. Менің толғанысым — менің ғұмырбаяндық хамзамдағы пиғыл мен пенде.
Қажеттілігіне отандық тұрғыдан өтеуге арналған болашақ жоспар. Шығармашылықта: «Әдебиет — рух майданы! Онда кімнің рухы биік болса, сол жеңіске жетеді...» деген түсінік бар. Әрбір қазақтың баласы «Мен елімнің жарқын болашығы не істей аламын?» деген сұрақтар төңірегінде еркін жауап қайтаруы қажет. Себебі, өмір картинасының ерліктері — азаттықтың маңдайы жарқыраған өлкеде жасалады. Талғампаз көңілде рух жанартауының атқылауына шуақ беретін арман деген ұғым бар. Мен үнемі арман құбыламнан рухани биіктікті іздеймін. Жан дүниесі нұрлы адам ғана қоғам мен отанның гүлденуіне өз бойындағы асқан нәрін бере алады.
Ойымды қорытындылайтын болсам, ел ертеңі білімді ұрпақ пен жалынды жастардың қолында. Азат елдің әрбір азаматы ұлтты, тілді, дініміз бен діліміздің қадір қасиетін ұғына жүріп қастерлесе мәңгілік елдің бірі боламыз деп бек айта аламын. Әр тұлға ұлт келбетіндегі жауапкершілікті ұғынса, тарихымызда қашалар ақтаңдақ беттердің тағы да ашылары анық.
Қысқа ғұмырын ел тағдырына арнап, Алаш ұранын аспандатып, халық игілігі үшін қара басын қатерге тігіп, күллі адамзаттың мүддесін көздеген, замана сырын ашып, болашаққа жол сілтеген ұлт ақыны Мағжан Жұмабаев:
Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда,
Мен жастарға сенемін! — деп жырға қосып, үміт күткен жалынды жастарының осал болуға қақысы жоқ. Келешегіміздің кемел, ертеңіміздің елеулі болуы сіз бен біздің қолымызда, қадірлі замандастар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі