«Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгертілуіне қарсымын». Ел тұрғындарының 69%-ы осы пікірді қолдап отыр. Бірақ неге?
Біріншіден, біз жаңашылдықты қабылдай алмаймыз .Құлаққа сіңген сол бір есімді ғана естіп жүре бергіміз келеді.
Екіншіден, алысқа кетпейік . Біз мысалға өзімізді алайық. Иә, сіз өзіңізді алыңыз. Ең жеңіл дегенде Астана көшелерінің барлығын тазалаңыз. Сол үшін сіздің есіміңізді қалаға береміз. Сіздің ойыңыз? Әрине оған өзіңізді лайықты санайсыз . Себебі сіздің бұл қалаға үлкен пайдаңыз тиді ғой. Енді Елбасымыздың елеулі істерін ой елегінен өткізейік. 1998 жылы Ақмола қаласы Астана болып ауысқан уақыт. «Келісім және бейбітшілік», «Тәуелсіздік» сарайларынсыз, «Хан –Шатырсыз», «Ақ-Ордасыз», « Бәйтерексіз» жазық дала. Осындай қаланы 21 жылдың ішінде қазіргідей деңгейге жеткізу оңай іс емес. Өйткені одан бөлек Қазақстанда 85 қала бар . Осы жылдар ішінде бұл қалаларды да қараусыз қалдырған жоқ. Барлығын да Елордамен бірге көркейтті. «Елбасы әрбір құрылыстың басы-қасында жүргендей айтты
ғой» дейтін шығарсыз? Алайда ешбір ғимарат Елбасының келісімінсіз салынған жоқ.
Үшіншіден,президентіміз әлі тірі .Біз тек өмірден өткен алыптарымызды ғана ардақтайтын халықпыз. Егер ұлт көсемі тақ үстінде өмірден озса, атақ пен мадаққа бөлеп, дау-дамайсыз қала есімін бере салушы едік. Әзірге қолда бар алтынның қадірі болмай тұр.
Қорыта келе айтарым, қала есімін сырт киім ретінде бағалаңыз. Ол өзгере береді . Маңыздысы сіз ғой! Тек өзімізді көркейте берейік. Әлі қанша киім ауыстырамыз ? Ол беймәлім дүние.
Анзия Асанова
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі