130 дан астам ұлт пен өкілді бір тудың астына біріктіріп, оларға мейілінше мүмкіндік жасап, өз салт -дәстүрлерін жаңғыртуға, өз тілдерін жетілдіруге барынша жағыдай жасалған. Сондықтан болар қазір біз зайырлы мемлекетпіз, яғни дін жағынан ешқандай қысым жоқ.
Қазақ, орыс деп бөлмей олар мен туған бауырдай етене жақын араласып, олардың салт–дәстүрлеріне құрметпен қарап, тілдерін қадірлеп, қазіргі таңда тыныш бейбіт ғұмыр кешудеміз. Әрине, бұның барлығы саясатқа келіп тірелері сөзсіз осы тұста Н. Ә Назарбаевтің ұтымды саясатын тілге тиек ету парызым. Ішкі болсын сыртқы болсын саясатта Н. Ә. Назарбаевтің сіңірген еңбегі зор. Бір тудың астына өзге ұлт өкілдерін біріктіріп бейбіт өмір сүрудің өзі де күрделі шаруа деп білемін.
1 мамыр күні өзге ұлт өкілдері қазақ халқының қонақжай, ақкөніл халық екенін айтып өз алғыстарын білдіреді. Жас буыны болмаса да жоғары буыны яғни көз бен көргенін айтып алғыс айту мен болады.
Сол қиын қыстау заман да ұлтқа қарап бөлетін уақыт емес еді. Көшпенді өмір сүріп жүрген халықтың көңілі құдды сол дала секілді кеңғой шіркін, ақсын қарасын деген жоқ барлық адамдарға бірдей құшақ ашты. Жеп отқан нанын бөлісті. Әрқашан жылы қабақ танытты, және онысын істедім деп міндет қылған халық емес. Сонын арқасында болар әлі күнге дейін жаға жыртысып көрген емеспіз. Бірлік күні деп бұл мереке Қазақстан да көлемді түрде атап өтіледі. Мектептерде, ЖОО, мемлекетті мекемелерде осы күні тойдуман болып барлық ұлт өз сал-дәстүрлерін жаңғыртып, оны мен халықты таныстырады. Үлкен көрме өткізіледі, онда әрбір халық өз мұрасын, ұлттық киімдерін, билерін, тағамдарын елге таныстырады. Жылда жоғары деңгейде аталып өтілетін мереке де таяп қалды. Бұл мереке де бұрынғысынан артық болары сөзсіз. Бұл мереке нағыз бейбітшілік символы деуге болады. Барлық ұлт жиналып бірігіп қара жорға биін мын бұрала билейді. Осының өзі айқын дәлел емес пе?
Өзге ұлт өкілдеріне Қазақстан еркіндік сыйлап, барынша қолдау көрсетіп отыр. Негізі көп адамдар өзге ұлт өкілі деген сөзден гөрі ”түбі бір түркі халқы” деп атайды. Түбі бір түркі халқы мен осылай тыныш өмір сүруіміз ары қарай да баянды болады деп нық сеніммен айтарымыз сөзсіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі