Егер адамдар қауіпті жағдайда дұрыс әрекет жасай алса, көптеген жарақаттан немесе тіпті өлімнен де аман қалуға болар еді. Кей кездері жай ғана бір айғақты білу аман қалу немесе біреуді құтқарып қалу мүмкіндігін арттырады. Reddit сайтын пайдаланушыларының бірі «Бәрі біле бермейтін қандай айғақ адамды аман алып қалуы мүмкін?» деген сұрақ қойып, оған біраз жауап алған. Сол жауаптардың ішінен адамның аман қалу-қалмауы оның жүріс-тұрысына байланысты болған жағдайлар сараланып, кейін сондай жағдайға тап болғанда пайдасы тиетін қам-қарекет реті ұсынылып отыр.
Ең абзалы, әрине, жабайы табиғат аясында аюлардан аулақ жүру, бірақ ондай кездесу болып қалса, бұл хайуанның ең осал тұсы маневр екенін біліп жүріңіз. Аюлар жылдам жылдам шауып-желеді, ағашқа өте жақсы өрмелейді — олармен бұдан жарысудың еш мәні жоқ, бірақ бір нәрсені, мысалы, машинаны немесе ағашты айнала қозғалу оларға әлдеқайда қиын. Бұл айлакер «тағамға» жұмсалған күшктің татымайтынын түсінген аю әйтеуір бір уақытта сізді ұстауға талпынуын доғарады.
Алайда аю агрессиясын шығармай тұрып сасқалақтап абыржудың қажеті жоқ. Егер ол сізге біраз қарап тұрып қалса, қозғалмай тұрыңыз. Бұл аю сіздің кім екеніңізді, не істегелі тұрғаныңызды ұға алмай тұрғанын білдіреді. Егер сізге қарай аяңдап жүре бастаса, ақырын жүріп, кете беріңіз. Аюлардың адамға шабатын кезі сирек, сондықтан, ол сіздің адам екеніңізді ұққан кезде өзі кетіп қалады.
Егер иістің қайдан, неден шығып тұрғанын анықтау мүмкін болмаса, онда бұл балқып жатқан сымдардың иісі болуы ықтимал. Бұндай жағдай от шығуына немесе жарылыс болуына апарып соғуы мүмкін. Ең дұрысы, иіс себебі анықталғанша электр қуатын ажыратып тастау.
Кері ағынға кездейсоқ тап болғанда жағаға қарай жүзуден еш пайда жоқ — сіз күшіңізді босқа шығындайсыз. Кері ағыннан шыққанша жағаны бойлай (параллель) жүзуге тырысыңыз, содан соң жағаға қарай жүзіңіз.
Бір таблетканың өзі адамның ахуалын анағұрлым жақсарта алады. Ауырып қалған адамды басына бірнәрсені жастап, дереу жатқызу немесе отырғызу керек. Сосын дәрі беру керек. Дәрі тезірек әсер етуі үшін оны шайнау қажет.
Ыстық өтудің ең айқын белгілері бас айналуы мен жүрек айнуы, бірақ ол белгілер басқа себептерден де пайда болуы мүмкін. Әбден көз жеткізу үшін тәтті, мысалы кәмпит, жеу керек. Егер оның дәмі жағымсыз болса, онда ыстық өткені. Жүрек-қан тамыры жүйесі бұзылған адамдар үшін симптомдар себебін мейлінше ертерек анықтап, білікті көмек көрсетудің маңызы зор.
Егер естен танып қалған адамды шұғыл есін жидыру керек болса, оны жайлап шалқасынан жатқызып, бүгілген екі тізесін кеудесіне тарту керек. Бұлай еткенде мыйға қан көбірек барып, танған адам есін жиып алады. Бірақ, әуелі оның аяғында және денесінде жарақат жоқ екеніне көз жеткізген абзал, әйтпесе бұндай жәрдем жағдайды одан ары қиындатып жіберуі мүмкін.
Оқуға кеңес береміз:
Жұрт ішінде қате айтылып жүрген ойларға қарамай, жылан шаққанда оның уын сорып алуға, суық зат басуға, бұрау салуға, компресс басуға немесе жараны ыстық нәрсемен қарып, күйдіруге болмайды. Зардап шегушіге мамандар келіп жеткенше оған көп су ішіп, антигистаминдік (аллергияға қарсы) дәрі ішу қажет. Жылан шаққан жерге тиіспеген жөн, әйтпесе жылан уы бүкіл денеге тезірек тарап кетеді.
Егер суды көп жұтып қойған адамды аман алып қалса, бұл оның өміріне енді еш қауіп жоқ деген сөз емес. Дереу ауруханаға жөнелткен дұрыс — өйтпеген жағдайда, егер оның өкпесінде су қалып қалса, ол бірнеше тәулік ішінде қайтыс болып кетуі мүмкін.
Көліктен есігі арқылы емес, тек терезесі арқылы шығуға болатын жағдайға тап болсаңыз, әйнекті орта тұсынан емес, шет жағынан ұрып сындыру оңайырақ екені есіңізде жүрсін. Айтпақшы, бұл істі орындықтың бассүйері жақсы атқарады, әрине егер оны орындықтан шығара алсаңыз. Әр көлікте олар орындыққа әр қалай бекітіледі, ол жағын алдын ала біліп алған дұрыс.
Мүмкін еместей көрінуі мүмкін, дегенмен оған күннің сәулесі тура түсіп тұрса, өрттің себебі болып кетуі әбден мүмкін. Гәп мұндай жағдайда шөлмек линза секілді күн жылуын бір нүктеге тоғыстыра алуы мүмкін екендігінде. Бұндай ыдыстарды терезеден алысырақ жерге қойып, машинада ешқашан қалдырмаған абзал.
Сіз бұрын көрмеген, ұстамаған нәрсеге аллергияңыз бар болып шығуы мүмкін. Оның үстіне аллергияның күштілігі сондай, тиісті көмек берілмесе, о дүниеге аттанып кетуіңіз ғажап емес. Бұл, әсіресе, адамдар жаңа тағам түрлерін жеп көріп, жаңа өсімдіктер бар жерге, т.б. тап болатын саяхаттау кезінде маңызды.
Оқуға кеңес береміз:
Аллергиядан дәрі-дәрмексіз құтылуға бола ма?
Суы аса көп тартылып кеткен мұхит жағалауы — келе жатқан цунамидің нышаны. Бұндай табиғи апат болу мүмкіндігін байқап қалсаңыз, дереу айналадағы адамдардың бәріне ескертіп, ол жерден кетіп қалу керек.
2004 жылы Үнді мұхитында болған цунамидің қарсаңында, өкінішке орай, жағалаудағылар бұған аса мән беріп жатпады. Бүкіл жағалау бойында адамдар ұлу қабыршақтар мен балықтарды жинап алу үшін жағаға барды. Бұл құбылыс әсіресе балаларға қызық болды. Алайда, екі жағажайда бұл ненің нышаны екенін білетін адамдар бар болып шықты: 10 жасар ағылшын қыз Тилли Смит және биология пәнінің мұғалімі Джон Чростон. Сол күні бұл екеуі талай адамды ажалдан алып қалды.
Қиындыққа тап болған кезде статистикалық орташа адамның аман қалуға қауқар-қабылеттігін сипаттауға болатын шамаларды есте сақтау қажет:
Ауасыз 3 минут;
Экстремалды температурада 3 сағат;
Сусыз 3 күн;
Тамақсыз 3 апта.
Осындай жағдайға тап болған кезіңіз болды ма? Сол кезде дұрыс әрекет ете алдыңыз ба? Ойыңызбен бөлісіңіз.
Жаныңызда ешкім жоқ кезде қақалып қалсаңыз не істеу керек
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі