Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Еңбекші орта мектебі» КММ-нің директоры
Майкеев Талап Жылысович
Бүгінгі таңда экономиканың жедел қарқынмен дамуына байланысты білім беру жүйесінде оқытудың құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологиясы түбегейлі өзгерді. Осы орайда еліміздің,тұрғындарының саны аз, шалғай аймақтарда орналасқан шағын жинақты мектептеріде де жаһанданудан тыс қалған жоқ. Мектеп құрылымы «Шағын жинақты мектеп» (бұдан әрі – ШЖМ) –деп өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Дегенмен, шағын жинақты метеп (ШЖМ) – білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.Қазіргі таңда жағын жинақты мектептер:
— біріктірілген сынып-жиынтығымен;
— сынып-жиынтығымен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.
Жалпы ШЖМ туралы айтатын болсақ, Республика бойынша ШЖМ жалпы саны 3170, бұл жалпы білім беретін санының 44% құрайды. ШЖМ басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,8%-ы) және Ақмола (69,3%), Қостанай (68,2%); Батыс Қазақстан (59,8%), (ҚР БҒМ 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары, 2016 ж.) Павлодар (67,0%), Ақтөбе (56,7%), Шығыс Қазақстан (55%), Қарағанды (46,6%) облыстарында айқындалған. Білім алушылар контингентіне келер болсақ, ШЖМ-да 217112 оқушы білім алады (жалпы білім беретін мектептегі жалпы контингенттің 9,0%). Оқушылардың ең аз саны (1-10)-бастауыш мектептерде, ең жоғарғы саны (150-ге дейін) – негізгі орта және жалпы орта мектептерінде. Сондай-ақ, ШЖМ жұмыс істейтін мұғалімдердің жалпы саны 55878 (жалпы білім беретін мектептердегі педагог кадрлардың жалпы санының 20,7%) құрайды. (Қазақстан Республикасындағы шағын жинақты мектептердегі кәсіби проблемалар және қажеттіліктер (Жалпы талдау – Астана, 2016 (ХХІ кітапқа қосымша).
Барлық білім беру салаларында білім, білік дағдыны механикалық түрде емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін-өзі көрсете алатын жеке тұлғаның ақыл-ойын дамытуда интелектін байытуда оқыту технологияларының маңызы зор екені айқындалды.Бірақ, Қазақстандағы ШЖМ-ның ғылыми негізделген және бекітілген балама модельдерінің болмауына байланысты материалдық-техникалық жабдықтаудың өңірлік жүйесі, педагогикалық процестерді ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдер қолдану жүзеге асырылуда.
Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынанбілім беру саласына, оның ішінде шалғай ауылдарда орналасқан барлық ШЖМ-ге көптеп көмек жасалып отыр. Материалдық-техникалық базаны нығайтып, оқыту-әдістемелік, кәсіби біліктілікті арттыру арқылы заманауи жаһандануға бірлесе жүзеге асырылуда.
Осы орайда, мен сондай-ақ, ШЖМ-дің басқа да жалпы орта білім беретін мектептермен терезесі тең болып жаһандануына республикамыздағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталықтарының ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан ұстаздар мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру, кәсіби дамуына қолдау көрсету курстарын атағым келеді.
Жаңа ғасыр білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау-бүгінгі күн талабы. Мемлекетіміздің білім беру жүйесіне ерекше назар аударып отыруы оқыту мазмұнына жаңа бағыт әкелді. Білім беру үрдісінде қоданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алды. Бұл бағытта мен өзім де Алматы қ. Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» тақырыбында шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өтіп жатырмын.
Осы курс аясында біз, ШЖМ-нің әлемдік деңгейдегі орнын біліп, оның қажеттілігін түсіндік. Мысалыға, курста «Алыс және жақын шетелдердегі шағын жинақты мектептер (басылымдар мен интернет-сайттардың материалдары бойынша)» тақырып арқылыРесей Федерациясы, Украина, Польша, Финляндия және Америка Құрама Штаттарында да шағын жинақты мектептердің бар екенін, олардың орналасқан елі немесе өңірінің демографиялық, экономикалық және саяси жағдайларына қарай бір-бірінен айырмашылықтарын түсіндік. Салыстыра келе, шет елдердің ШЖМ өз бағыттары болатынын, атап айтқанда: француздар бір сыныбы ғана бар ауылдық мектептерді «Республиканың мұраты» деп атаса, Норвегияда ШЖМ-нің жартысы біріктірілген сыныптар жүйесі бойынша жұмыс жасайтынын, ал Аустралияда оның бытыраңқы халқымен радио, Аляскада теледидар білім үшін үлкен рөл ойнайтынын байқадық. Бұдан біз, біздегі ШЖМ жағдайы өзге мемлекеттерге қарағанда өзіндік басымдықтары бар және нәтижелі жұмыс жасау мүмкіндігіне ие екенін түсіндік.Сондай-ақ, курста: заманауи басшының рөлі мен миссиясы, жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру, мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, ШЖМ ерекшеліктеріне және білім беру салалары мен деңгейлері бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрендік.
Жалпы алғанда, ең алдымен ШЖМ-нің (сауалнама т.б. әдістер арқылы) проблемасын анықтап, SMART мақсат арқылы басымдықтарын айқындап, мектепті дамытуды жоспарлап үйрендік.
Қорытындылай келе, ШЖМ қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибенің педагогикалық идеяларын ендіруге мүмкіндік алдық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т.Мейірманқұлова: «Білім берудегі инновациялық технолдогиялар» 2005 ж. Алматы;
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған «Басшыға арналған нұсқаулық» 2018 ж. Астана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі