Өлең, жыр, ақындар

Көпбалалы отбасылардың балаларына арналған 5 мың гранттың шарттары қандай

5 мың гранттардың шарттары жайлы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5 мың грант бөлінеді. Гранттар осы жылдың қыркүйек айынан бөліне бастайды. Бір шарт бар - ол гранттарға Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті бал алған түлектер үміткер бола алады. 5 мың грантқа үміткер бола алатын нақты санаттар бар - олар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары. Бізде биыл 53 700 грант болады. Алдымен, осы гранттарды үлестіріліп, содан ілінбей қалған, жоғары санатқа енетін түлектер 1 тамыздан кейін өтініш бере алады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, гранттарды бөлуде ешқандай жемқорлыққа жол берілмейді.

Еске сала кетсек, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына биыл 5 мың білім гранты бөлінеді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (27)

Зилиха

мен күміс алқа көп балалы анамын балам биыл мектепті бітіріп отыр соған байланысты мен баламды мына үкіметтің грантына қалай іліндіреаламын рахмет жауабын беріңіздерші

Асанова Анар

Мен 4 балам бар.Тұңғышым алтын белгі иегері ұбт дан 104 балл алды.Медицинаны таңдап отырмыз.Балам осы баллмен иемлекеттік грант иегері бола ала ма.Қай оқу орнына талапкер бола аламыз?

Есимим зухра. Караганды каласынан

Менде коп балалы, жалгыз басты анамын, кызымды кай кезде тиркеп, грант алуым а боладв

Айша

Сәлеметсіздер ме мен көпбалалы анамын менің балам ҰБТ дан 42балл алды менің балама қандай женілдік болады екен жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік болады ма екен

Айгүл

Мен көп балалы анамын, алтын алқа иегерімін. Менің қызым 11 сынып бітірді. ҰБТ-дан шығармашылық тапсырды, 40 сұрақтан 22 бал жинады. Бізге тегін университет немесе тегін колледжге осы 22 балмен түсуге мүмкіндік барма. Сіздерден жауап күтемін!

Гулназ

Мен көп балалы анамын 6 балам бар онын 2 и студант екинши балам 61 бал алды медтти тандап отыр биз илине аламызба осы грантка Кта тапсырган балы 61 бал

Асхат

Біз де коп балалы жануямыз баламыздын баллы 63 енді медицина мамандығына умткер бола аламызба

Динара

Менің анам алтын алқа иегері 7 ағайынбыз мен үйдің үлкенімін былтыр мектеп бітіріп қбтдан шекті ал алалалмай ақылы оқкға түстім менің інім биыл бітірді 56 балл жигады шынымды айтсам эағдайымыз анау айтқандай емес тым болмаса біреуміз мемлекет қамқорлығына ала алама

Мухатаева Каламкас

Менде көп балалы анамын,қызым Ұбт дан 130балл алды,КАЗГУДЫҢ грантына тусе аламыз ба ?

Лаура

Сәлеметсіздер ме ұбт дан шекті бал алды 61алды бесинши пәні 0 болып тұр көпбалалы анамын аек аламыз гратка көобалалыға түсуге мүмкіндік барма қайда кімге баруымыз керек өзі жаксы оқиды.

Жадыра

Қызым 75 бал жинады.Математикасы 2 бал болп калпти.Ол конкурска катиса алмайди екен.Мен көпбалалы анамин.Мен де куйемниң де тұрақти жұмысы жоқ.Табыс бирде бар бирде жоқ.5 мың грантка қалай умиткер бола алади?Өтниш айта өтсеңіздер..

Маке

Алтын белги 44 баллмен тусе алама

Дана

Сәлеметсіз бе мен күміс алқа иегерімін.Қызым 82балл алды, Қаргуге грантқа түсуіне мүмкіндік барма? Бір ұлым екінші топ мүгедек еді

Майра

Менің қызым алтын белгі еді ұбтдае 103 балл жинады,медицинаға түсе аламызба.Көпбалалы анамын қандай көмек бар,әлеуметтік көмек алмаймын.

Раушан

Сәлеметсіздерме! Мен республикалық конкурсқа қатыспадым. Көп балалы отбасыға жатамыз,енді осы тамыздың 5-10 аралығында болатын конкурсқа қатысуыма болама

Алма

Саламатсыз ба мен коп балалы отбасыга жатамын 6 балам бар улкеним биыл битирген убтдан 104 балл алған болатын республикалық грант иегери болмай калды осы гранттка калай отиниш тастайды айтып жибериниздерши

Аружан

Қандай құжат тапсырамыз???және қайда толығырақ жазыңыздаршыыыы????жергілікті атқарушы орган дегеніміз дәл қай жер?ауданға ма әлде облыспа?

Пәнзила

Сәлеметсіздер ме
Грантка оту үшін қандай құжаттар керек екенін айтып жіберіңіздерші

Айжамал

Мен көпбалалы анамын қызым ағалшн тілін таңдаған Ағылшын тіліне грант бөлінгенбе Оқуға тапсыру үшін қандай құжаттар кере екен айтып жіберіңізші

Альбина

57 балл мат.с 2 болып тұр 5000 грантқа үміткер бола алады ма?

Маржан

5000 мың грант Қазақстанның барлық елді-мекендерін қамтиды ма? Және де ол гранқа ілінсек тек өз қаламыздағы университеттерде оқимыз ба әлде басқа университеттерге түсуге болама?

Мухтар

Стоматология гада грант бересыздерма

Мағжан

Биыл яғни 2020 жылы бұл гранттар тағы да бөлінеді ме?

Ғания

Мен зейнетке шығып жатырмын басымда үйімде жоқ бала жас 9 сыныпқа өтті маған азда болса көмек болама екен, өйткені мен жиі ауыра беретін болдым. Әсіресе мына карантин кезінде қатты білінді.

Баыткуо

Менын кызым убт тан 62бал жинады мен алтын алқа иегері мын және меның күйеу ым жок кызым Алматы қаласында гы кандай универге түсе алады таңдау пәні казак тылы и әдеби т

Фарида

Мен көп балалы анамын .Балам ҰБТ дән 72балл жинады . Заңгер мамандығына түседі ала ма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар