Эссе және өлең-жыр байқауы

Балаңыз вундеркинд болса...

Отбасында баланың пайда болуы — ғажап дүние, ал «ғажап» баланың пайда болуы  (неміс тілінен «вундеркинд» сөзі дәл осылай аударылады) ата-ана үшін сынақ болып отыр. Өйткені баланың ерекше қабілетінен ата-ана үнемі таңқалыста жүреді. Алғашқыда жасөспірімнің қызықты қылықтары мен дамуындағы ерекшеліктер қуантатын болса, кейінірек, «уақыт өте қалай болар екен?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Дәстүрлі тәрбие көрген ересектерге мұндай ғажап баланың тілін табу қиынға соқпақ. «Гений» баланы қалай анықтауға болады? «Ерекше» баланы тәрбиелеуде қалай қате жібермеу керек?

Данышпандылықтың белгілері

Ғылымның әлдеқайда ілгерілегеніне қарамастан, данышпандылықтың қыр-сыры әлі күнге дейін анықталмай отыр. Бүгінгі күнге дейін өмір сүрген данышпандардың есімі белгілі. Сондықтан танылған данышпан 50 миллион адамға бір туады деп айтсақ болады, ал танылмағандары қаншама? Алайда мұнда да генетик мамандар нақты жауап беруде: белгілі генетик Харди-Вайнбергтің мәліметінше, әрбір дүниеге келген 100 000-сәби данышпан болып туылады. Сонда бұл балалар қайда? Қалайша «данышпандылықты» анықтап, әрі қарай дамытуға болады? Кеңестік генетик В. П. Эфроимсонның пікірінше, данышпандылықтың физиологиялық белгілері бар көрінеді:

1. Кең маңдай. Ия, маңдай үлкен болған сайын, адам ақылдырақ болады.

2. Гиперурикемия. Яғни қандағы несеп қышқылының жоғары болуы. Несеп қышқылы — химиялық құрамына кофеин немесе теоброминмен тең келеді, мидың белсенділігін арттырады. Егер адам сергу үшін кофе немесе шәй ішетін болса, данышпан үнемі сергек жүреді.

3. Марфан синдромы. Бойы ұзын, арық, қол-аяғы ұзын адамдар. Әдетте олардың жүрегінде ақау болады және қан құрамында адреналин мөлшері шамадан тыс келеді.

4. Циклотимия. Көңіл-күйдің күрт өзгерісімен сипатталатын психикалық ауытқушылық.

5. Моррис синдромы. Бұл патология жыныстық дамудың ауытқушылығымен сипатталады.

Аталған генетикалық ерекшеліктер мен данышпандылықтың байланысы 100% емес. Джонатан Свифт: «Әлемде шынайы данышпан дүниеге келгенде, барлық ақымақтар оған қарсы тұрады,» деген екен. Расымен, вундеркинд балалар өз құрдастарынан оқшауланып тұрады. Сондақтан, ерекше балалар ересектермен араласқанды ұнатып, нақты сұрақ қойып оларға тиянақты жауап алғанды жақсы көреді.

Вундеркинд кішкентайынан білмекке құмар, әрі есте сақтау қабілетімен ерекшеленеді. Оған мысалдар да көп, мәселен, мысырлық бала Сайед Мустафа Шериф жарты жылда Құранның барлық сүрелерін жаттап алған. Қарапайым дін мектебінің студентіне бұл мақсатқа жетуі үшін 8 жыл керек. Мұндай мысалдар өте көп. Данышпан балалардың қызығушылықтары өте кең. Сол себепті ата-анаға шыдамдылық танытып, жеке білім деңгейін жоғарылатуға тура келеді. Негізі, балаңыздың сізден ақылды болғанына көну керек. Кішкентай данышпанды тыңдай білу, оның мазалаған сұрақтарына жауап табуына көмектесу маңызды.

Баланың ерекше қабілеттерін қалай дамытуға болады?

Кішкентай вундеркиндтердің жоғалу феноменінің себебі неде? Ғалымдар барлық мәселе баланың психосоматикалық құрылысында немесе ата-ананың тәрбиелеудегі қателіктерінде дейді. Осылайша, қойылған талаптарды оңайлықпен шешетін бала, ересек кезде қиыншылықтарға төтеп бере алмайды. Көптеген данышпандарға тұрмыстық немесе әлеуметтік бейқамдылық тән, бұл өз кезегінде оларды көптеген күнделікті тірлік мәселелерінде дәрменсіз етеді. Одан бөлек, мұндай балалар көптеген соматикалық дерттерден зардап шегеді. Табиғат шамадан тыс көп ақыл бергенімен, көп жағдайда физикалық денсаулығында кемшіліктер болуы мүмкін. Оған қоса ата-ананың жіберетін қателіктері тағы бар:

— Ерекше дарынның дамуына ғана ден қою. Яғни, баланың өзге де қабілетіне назар аудармау — үлкен қате. Мәселен, балаңыздың сіз ойлағандай шахматист болар-болмасы белгісіз, ал бірнеше тіл білу немесе кітап оқу ешкімге артық етпейді.

— Физикалық денсаулықты ысырып, интеллектуалды дамуды көздеу. Әдетте, шамадан тыс ақылды балалардың физикалық жаттығулар мен спортқа ынтасы болмайды. Сол себепті баланың спортқа деген махаббатын ояту үшін ата-анаға тырысып бағу керек.

— Кішкентай данышпанды құрдастарынан оқшаулау. Бұл нағыз өзекті мәселе: бір жағынан бала өздігінен құрдастарының ортасында болғысы келмесе, екінші жағынан, мамандар баланы өз жасынан әлдеқайда үлкен балалардың ортасына енгізбеуді сұрайды. Олардың пайымдауынша, ересек балалар оның интеллектуалды қабілетіне қарамастан, өз ортасына қабылдай алмайды. Мұндай кезде баланы дарынды балаларға арналған мектепке берген дұрыс.

— Балаға шамадан тыс қамқорлық жасау. Кей ата-ана баланың талантын дамытуға зер салады да, қарапайым тұрмыстық дағдыларды ұмытып кетеді. Тәжірибеде, ақылгөй данышпан баланың қарапайым аяқ киім бауын байлай алмауы кездеседі.

— Кішкентай кемеңгерді танымал қылуға тырысу. Мәселен, қарапайым көршілер немесе әріптестерге арналған көрсетілімдерден бастап телевизиялық түсірілімдерге дейін жетеді. Бір қарағанда еш әбестігі жоқ әрекет баланы «жұлдыз ауруына» шалдықтыруы мүмкін.

Алайда кішкентай данышпанның тағдыры қандай болса да, елден ерек ойлай білу ешбір адамға кедергі келтірген емес. Ал бұл қабілетті дамытып отыру қажет. Бұл тұста ақын-жазушы Валентин Домильдің «Вундеркиндтен данышпан жасаймын деп, ішіндегі балаға зиян келтірмеңіз,» — деген сөздері басты назарда болсын.

bilimland.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...