Жанна сүйтіп мектепке барды. Ата-анасының қуанышына сабақты да тәуір оқып кетті. Дәптерлерін де таза ұстап, маржандай тізілтіп жақсы жазатын болды. Жалғыз-ақ алғашқы кезде екінің таңбасын дұрыстап сала алмай жүрді. Құйрығы дөңгеленіп, латынша «S» әрпіне ұқсайды да тұрады ылғи. Мен бір күні балама оның осы кемшілігін бетіне бастым. «Екінің таңбасын жаза алмайсың, саған не болды, Жанна?» — деп қынжылдым.
— Бекер ренжисің, папа? Екілік дегеннің өзі осындай жаман болмай ма? — деп жауап берді ол.
- Мағжан Жұмабаев
- Мағжан Жұмабаев
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі