Адамға адам баласының қадірлісі күнделікті өмірде де көрініс береді. Нарық заманда адамгершілік қасиеттер төмендеді, азайды деп жиі айтып жүрсек те, қоғамда қайырымды жандардың істері көкейге үміт ұялатады. Қайырымдылықтың ірі, ұсақ болып бөлінбейтіндігін көрсетеді. «Бай бол, кедей бол – қайырымды болу міндетің» деген ойға жетелейді. Ал, қайырымдылық жасау қашанда ғанибет!
Біліммен қатар, адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Ұрпағына қайырымдылықтың, адамдық қасиеттің дәнін сеуіп, тату өмір сүруге тәрбиелейді. Әрбір жанның білімді, мейірімді өскенін қалайды. Біреуге жақсылық жасау – қайырымдылықтың бір көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды жомарт адам дейді. Адамдарға жомарттық көрсетіп, жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан тұтар дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған. Бұл күнде дәстүр өз маңыздылығын жойған жоқ.
Жомарттық жасау, қайырымдылық іс-шараны ұйымдастыру Наурызбай ауданы, № 174 мектеп-гимназияда үрдіске айналған. Осы орайда білім берудің алдыңғы қатарлы мекемесі № 174 мектеп-гимназияның ата-аналар қауымы да бір кісідей жұмыла жомарттық танытты. Мектебімізде көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына материалдық көмек берілді.
Дүниедегі шын бақыт – өзгеге қуаныш сыйлай білу! Жомарт, мейірімді жандардың бастауымен, қайырымдылардың қолдауымен №174 мектеп- гимназияда жақсы деңгейде іс-шара өтті. Мектебіміздің ата-аналар қауымының ауызбіршілігі арқасында 300 000 теңге жиналып, көп балалы аз қамтылған 132 оқушыға сабаққа қажетті құрал-жабдықтар алынды.
Осындай қайырымды жандарға алғыс білдіре отырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында мектеп тарапынан ризашылық ретінде мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шарамыздың қонақтары Бағлан Абдраимов, «Дауыс International» тағы басқа әншілер көркін ашты. Мектебіміздің өнерпаздары да өз өнерлерін арнады.
Уақытын бөліп, өзгенің қуанышына себепкер болған әрбір жақсылыққа жаны құмар жақсы жандарға күндеріңіз берекелі де, мерекелі болсын дейміз. Қаржылай көмек берген барлық жандарға алғысымыз шексіз! Әрбір берген көмектеріңіз өздеріңізге жақсылық болып қайтсын деген ниетпен рақметімізді айтамыз.
Алматы қаласы Наурызбай ауданы
№174 мектеп-гимназия
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Сапарбаева Ақбота
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі