Қаламы қарымды жастардың өнерін қолдау мақсатында ұйымдастырылған Эссе және өлең-жыр байқауының кезекті жеңімпазы анықталды. Бұл жолы көптеген туындылар арасынан «Тақ» деген айдар тағылған өлең үздік деп танылып отыр. Авторы – Нұрсұлтан Қожағұл.
Үздік деп танылған туындыны назарларыңызға ұсынамыз:
Сонау менің сақ бабамнан ғажап дүние өшпеген,
Ата-бабам орныменен мекенінен көшпеген,
Байтақ жерін, бел асуын, байлықтарын басқарған
Тақта отырған хан-сұлтандар өмірлері күшті екен.
Бұл алтын тақ, түгел әлем, бар Ғаламшар бас иген,
Ханды таққа көтергенмен елі-жұрты шын сүйген.
Бейбіт жолдың дұрыстығын күзетшідей бақылап,
Шайқасқанда, қателіктен ақыл мен ой сын түйген.
Тақтың орны естен кетпес бүркіт ұшқан көрініс,
Жалатылған піл сүйегі, алтын сынды тұр күміс.
Екі көзін баурап алған жұрттың ойы дер еді:
Тақта отырған хан иеміз, неткен сіздің көркіңіз!
Ал біреулер таққа қарап арманымен тамсанар,
Тот боп басса, тақ Күн болар, асқақтата Таң жанар.
Шұрайлы жер мекенінде салт-дәстүрді ұлықтап,
Қара түнек шарпыса егер тақта хандар жанданар.
Сондықтан да тақ – хандардың билік етер тұрағы,
Жауап алар бұл тұрақта таусылмайтын сұрағы.
Неше жылдар түп ағашын отырғызған патшаның
Жеміс берген гүлденерлік теңдесі жоқ бұл тағы!
(Автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)
Жеңімпазды құттықтаймыз!
Сыйлықты алу үшін bilimland.kz сайтымен байланысуыңызды сұраймыз!
Еске салайық, bilim-all.kz және bilimland.kz сайттары жас қаламгерлер арасында сайыс жариялаған болатын. Барлық талаптармен Қаламгерлер сайысы сілтемесі арқылы таныса аласыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
MeralyErlikuly
мына өлеңде əр ұйқастың соңында мəні келіспейдіғо. Тек ұйқас келтіріп шығара берген. сəл мəнінеде назар салса болар еді.
Алмагүл
Сәлеметсіздер ме. Жас қаламгерлерге қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Болашақ жастардың қолында.Соларға жол көрсетіп,өнеге,демеу болған bilim-all.kz ұжымына шығармашылық табыс тілейміз. Бір бала өрге шықса,артынан ілесіп мың бала шығады. Бір-бірімізді қолдап,жол көрсете білейік.
Қожағұл Нұрсұлтан
Әрбір адам шабытына қарай өлең шығарады. Көрсеқызарлықтан сөйлемеңіз.