Ғаламтордан Нұрболат Абдуллиннің көзіне жас алып тұрып орындаған «Менің әкем -ең жақсы адам!» деген әнін естігенде еріксіз менің көзіме де жас келді. «Менің де әкем керемет адам!»,- деп сахнада ән етіп айта алмасам да, сыртқа шығып таныстарыма айтып, айқайлап , бәріне айтқым келді. Бізге ата-ана туралы айтыңдар десе көбіне анамызды бірінші айтатынымыз айдан анық. Оған менің қарсылығым жоқ. Дегенмен мен үшін әкемнің сөзі, отбасындағы орны, анама, ата-әжеме, балаларына қамқорлығы ерекше. Әкеміз кейде үйде болмай жолаушылап кетсе, оның орны ерекше ойсырап тұратын. Ал анамыз бен әкеміз қатар отырып, бірге тамақтанып, бірге әңгімелесіп, ой бөліссек мен үшін одан артық бақыт жоқ тәрізді. Қазір басқа қалада оқуда жүрген апам мен ағам әр телефон шалып сөйлескен сайын «Әкем мен анамды ренжітпе, айтқандарын екі етпей орында, сыйла!» ,-деумен болады. Мүмкін сағынып жүрген болар деп ойлаймын кейде. Ал бір ойым адам қасында жүргенде жақын адамдарының қадірін білмейді,- деген оймен астасып, олар әкем мен анамның қадірін енді біліп жүрген болар деген ой мені мазалайды. Олар оқудан демалысқа келіп, қайтатын күні болғанда - анама таңертеңгі шайға балалардың бәрін оят, бәріміз бірге ауызбіршілік шайын ішейік, -дейтін. Анам сол күнге бола таңертең ерте оянып, бар тәттіні пісіріп, аузымызға тосатын. Бұл да болса әкемнің бірлік пен татулыққа шақырған тәрбиесі деп білемін. Әкемнің асыл қасиеттерін ауызбен айтып жеткізе алмаймын. Қанша шаршап- шалдықса да үйге үнемі күлімсіреп кіреді. Құшағын айқара ашып , біздің «Әкееее!» деп жүгіріп, мойнына асылғанымызды сағынып келгендей болады. Әкем менің отбасымның қамқоршысы, қорғаушысы, арқа сүйерім, асқар тауым! Әкеден тәлім алған әр баланың болашағы жарқын. Мен әкемнің бойынан намыс- жігерді, балаларына деген махаббатты, жарына деген адалдықты, бауырлары мен туыстарына деген қамқорлықты байқаймын. Кейде сырттай қатал көрінгенімен, оның ішкі жан дүниесі өте жұмсақ. Қай кезде де мұңайсақ қуантуға, жыласақ жұбатуға, сүрінсек сүйеуге дайын тұрады. Ол біздің жақсы, бақытты, мұңсыз өмір сүргенімізді қалайды. Осындай әкемнің бар екендігіне мен мақтанамын. Өзім қашан адам болып, әке қарызын қайтаратын жасқа жеткенше, сахнаға шығып ән арнауға әлім келмесе де, осылай әкемді басқаларға айтуға шамам келеді ғой,- деген оймен жүрегімнен шыққан сөздерімді айтқым келді, басқаларға жеткізгім келді. Сондықтан қай кезде де анамыз бен әкемізді құрметтей білуге, қадірін жете түсінуге достарымды, замандастарымды шақырамын!
Қызылорда облысы , Қазалы ауданы , Әйтеке би кенті, Ы. Алтынсарин атындағы
№204 мектептің 9-сынып оқушысы Құлбай Ақерке
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі