60 жасқа толған құдаға тілек — Тілектер мен құттықтаулар жинағы тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.
Адам — өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан ....... құдамыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі.
Алысқа да, ағайынға да жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған ........ құдағи құдай қосқан қосағының ел арасында құрметінің асып, қиын да қызықты еңбек жолының жемісті болуы үшін жүрек жылуын арнап келеді.
Қадірлі құдамыздың мерейлі мүшел жасы құтты болып, бақ-дәулеті арта берсін!
Құтты болсын 60 деген жасыңыз,
Қуаныштың кемерінен тасыңыз.
Әрқашанда мықты болып денсаулық,
Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.
*** *** *** ***
Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):
Туған күнге арналған құттықтау cуреттер
Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар
Бұл бетте тақырыпқа қатысты негізгі түсіндірме, мазмұн және пайдалы деректер берілген. Материалды толық оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Бұл материал осы бетте толық жарияланған. Мұнда тақырыпқа қатысты мазмұн, түсіндірмелер және қосымша байланысты сілтемелер берілген.
Ғани
60 жасқа толған құдаға арналған ең әдемі тілектер екен!