Өлең, жыр, ақындар

60 жасқа толған анаға тілек

Өмірдің артқан жүгіне,
Мойымапсың да сынбапсың.
Үңілем жүрек түбіне,
Шешуін іздеп жұмбақтың.

Жетсемші дедің тілекке,
Сая боп бізге қанатың.
Дау бар ма
Ана жүрекке,
Бала үшін
Бәйек болатын.

Бар жоқты білмей шалқыдық,
Бұла боп өстік еркелеп.
От пенен өртке шарпылып,
Ағарды шашың ертерек.

Қыздарың ұшты қияға.
Ұлың да қонды ұяға.
Екі ауыз сөзге сия ма,
Ерлігің ерен ұлы ана.

Шаттыққа толар шартарап,
Анашым барда жаны ізгі.
Барсаңда Мекке арқалап,
Өтелмес ана парызы.

Өн бойың-үлгі, өнеге,
Парасат табам,
Бақ табам.
Немере деген немене,
Сарқытың бар ма сақтаған?

Ардақты ана есімі,
Әлі алда өмір несібі.
Тойласын жүзді туажат,
Тербетіп бақыт бесігі.

*** *** *** ***

Баршамызға бақытты өмір беріп,
Бойымызға орнаттың сенім берік.
Қашан болсын орын ап төрімізден
Отыра бер көркейіп, көңілденіп.

Көсегеміз көгеріп бір өзіңмен,
Жылылықты сеземіз гүл өңіңнен.
Отбасыңа мейірбан бола білдің,
Нұр сәулелі нәп-нәзік жүрегіңмен.

Құтты болсын бүгінгі мерекеңіз,
Сіз бар кезде асқармен теңесеміз.
Алшаң басып жүре бер арамызда,
Тарқамасын әрдайым берекеңіз.

*** *** *** ***

Бір отбасының береке-бірлігін кіргізіп отырған ана, еріңіздің абыройына абырой қосып отырған асыл жар 60 жас мерейтойыңыз құтты болсын!

*** *** *** ***

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз):

Туған күнге арналған құттықтау cуреттер

Туған күнге арналған тілектер

Туған күнге өлеңдер

Туған күнге арналған тілектер, құттықтаулар

60 жасқа құттықтау тілектер

Мама туған күнімен құттықтау, тілек

Әже, апа туған күнің құтты болсын!

Анаға тілек құттықтау


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Аруна

60 жасқа толған анаға арналған ең әдемі тілектер екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз