Атақты Тәттімбет күйшінің кіші шешесінен туған Жақсымбет деген інісі таз болған екен. Онысына өзі намыстанып, бертін үлкен кісі болғанда да басынан тақиясын тастамайды екен. Бір күні баласы қолына су құйып, дәрет алғызыпты. Жақсымбет басына мәсих тартқанда тақиясын лып еткізіп көтеріп, тезірек мәсих тартып, қолын басынан жұлып алғанда, баласы:
— Әке, қолыңыз осы жолғы сапарынан тіпті тез оралды-ау, — депті. Сонда әкесі:
— Балам, басым қона-түстенетін жерде емес қой, — деген екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі