Баубек Бұлқышев нақыл сөздері

Баубек Бұлқышев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Баубек Бұлқышев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Пай-пай, тамашасың-ау, Алматы… Неге ғана Алатаудың сұлулығын маған айтқызбайды. Мен күні-түні өзімнің Алматым, Алатауым туралы жалықпай әңгімелер едім.

Ілмектер: Алматы, Алатау Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Дүниедегі ең барып тұрған арман, барып тұрған қайғы творчестводан аса алмас.

Ілмектер: арман, қайғы Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Тірі боп жүз жыл жасап тік тұрудан
Бір күн артық ел үшін еңбектенген.

Ілмектер: еңбек Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі махаббатты өлшеуге болмайды

Ілмектер: отан, ана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мақтаныш, қуаныш, махаббат Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Тірі боп жүз жыл жасап тек тұрудан,
Бір күн артық ел үшін еңбектенген.

Ілмектер: ел, еңбек Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!

Ілмектер: жолдас, дос, көңіл Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз... Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз.

Ілмектер: жастар, тағдыр Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram

Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.

Ілмектер: адам, ой, мұра Баубек Бұлқышев
WhatsApp Telegram