Василий Сухомлинский

Васи́лий Алекса́ндрович Сухомли́нский ( укр. Василь Олександрович Сухомлинський; 28 қыркүйек 1918, Украина — 2 қыркүйек 1970, Украина ССР) — ұлы орыс педагогы. 1968 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алады. Ұлы Отан соғыс ардагері.


Туындылары Нақыл сөздері

Бала адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді.

Ілмектер: бала, адам, өмір Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес.

Ілмектер: ойын, бала, ақыл.ой Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

Ілмектер: ұстаз, ғибрат, білім, ынта, талап, құштарлық, от, еңбек, мақтаныш Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

Ілмектер: мұғалім, адамтану, педагогика, педагог, жүрек Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.

Ілмектер: ата-ана, мұғалім, оқушы, тәрбие Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Ең қиыны - күн сайынғы, көп жылдық еңбек ерлігі. Өзіңе ерлік мұратын тауып, содан көз жазбай ілесіп отыр.

Ілмектер: еңбек, ерлік, мұрат Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Ар-намысың, жан-жүрегің қалай әмір етсе, солай істе.

Ілмектер: ар, намыс Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Жамандықтың зары — екіжүзділік, жағымсыздықтың ырқына жүру.

Ілмектер: жамандық, екіжүзділік Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер.

Ілмектер: бала, ой Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Адамгершілікті, кісілікті неғұрлым терең ұғынған сайын әр адам өзіне жақсы төреші бола алады

Ілмектер: адамгершілік, кісілік, адам, төреші Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Рухани жағынан сұлу адамдар — бұлар ең алдымен бақытты адамдар.

Ілмектер: бақыт, рухани, сұлу, адам Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram