Өлең, жыр, ақындар

Марсель Пруст

Марсель Пруст (фр. Valentin Louis Georges Eugène Marcel Proust; 10 шілде 1871-18 қараша 1922) [1]- француздық жазушы, новеллашы, эссеші. Оның шығармашылығы XX ғасырдағы француз романының дамуы кезеңінде өзгерісті, дағдарысты оқиға болды. Шығармалары 1912-1922 жылдары, яғни 1914-1918 жылдарда болған соғыста құты қашқан Францияның идеологиялық жағдайы және оның әлеуметтік зардабы тұсындағы он жылда пайда болған. "В поисках утраченного времени" ("A la Recherche du temps perdu") көп томдық романдар топтамасы қазіргі заманғы әдебиеттегі реалистік әлеуметтік романдардың дәстүріне қарсы келетін модернистік романның негізін қалады.


Нақыл сөздері

Бақыт — денеге әсер етсе, бақытсыздық жаныңды қажайды.

Ілмектер: бақыт, дене, бақытсыздық, жан Марсель Пруст

Қызғаныш — көп жағдайда өзге бір адамның ісі мен көзқарасына билік етуге деген құштарлық.

Ілмектер: қызғаныш, адам, көзқарас, құштарлық, билік Марсель Пруст

Адамның әдемі сымбаты мен мәдениеттілігі — бір-бірімен қарама-қайшы ұғымдарымен сәйкес келеді.

Ілмектер: адам, әдемі, сымбат, мәдениет Марсель Пруст

Махаббат — бұл жүректің қабылдауына мүмкін болған уақыт пен кеңістік.

Ілмектер: махаббат, жүрек, уақыт, кеңістік Марсель Пруст

Теориядан жердің айналатынын білеміз, ал бірақ көзбен көре алмаймыз. Уақыт та дәл солай.

Ілмектер: теория, жер, көз, уақыт Марсель Пруст

Қандай да бір затты талап гүлдендіре түседі, ал сол зат қолда бар болса, ол туралы ой күңгірттене бастайды.

Ілмектер: талап, ой Марсель Пруст

Ақиқатты таба алмаймыз, сондықтан оны өзіміз жасауымыз керек.

Ілмектер: ақиқат Марсель Пруст

Адам бақытсыз бола түскен сайын, адамгершілігі жоғарылай бастайды.

Ілмектер: бақыт, адамгершілік, адам, бақытсыздық Марсель Пруст

Сіз өзіңізге көрінген бақытсыз күйді ешқашан кешпейсіз.

Ілмектер: бақыт, күй, бақытсыздық Марсель Пруст

Бүгінгінің парадокстары — бұл ертеңгінің ескішілдігі.

Ілмектер: парадокс, ертең, ескішілдік Марсель Пруст

Әлдекім туралы дұрыс тұжырым жасау оның жақсы қасиеттерінің қарама-қайшы тұстарын ойласа, жеңіл бола түседі.

Ілмектер: тұжырым, қасиет, жеңіл Марсель Пруст

Әдет – екінші натура, ол бізге біріншіні тануға кедергі жасайды, біріншіде зұлымдық та, қуаныш та бар, ол екіншіге жат.

Ілмектер: әдет, натура, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Пруст

Әр адам өзінің ойынан терең емес ойларды ғана түсінікті деп ойлайды.

Ілмектер: ой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Пруст

Қарап көріңіз