Өлең, жыр, ақындар

Мұхаммед Әли

Мұхаммед Әли (толық аты Кассиюс Марселиюс Клэй; 1942 ж. Қаңтар 17 туған; Луисвилл, Кентукки, АҚШ) ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен американдық кәсіби боксшы, филантроп және қоғам қайраткері. Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған бүгінге дейінгі жалғыз спортшы болып табылады. Бүкіл әлем мойындаған спорт иконына айналған, спорт тарихындағы ең танымал тұлға, ең ұлы боксшы. Жарқын қызыл тілді, оның көптеген цитаталары тарихта қалған[6]. АҚШ үкіметі Әлиді мансабының шарықтау кезінде әскерге шақырғанда АҚШ-тан алыс жатқан бізге тиіспеген Вьетнамға қарсы соғысқа бармаймын, армиядан бас тартамын деп мәлімдеген. Осыдан АҚШ үкіметі оны барлық атақ даңқтарынан айырып үш жылдан астам уақытқа бокстан аластайды. Спортқа қайта оралғанан кейін тарихшылар атап кеткен «бокстың алтын дәуірінің» барлық мықты боксшыларын жеңіп өзіне барлық атақ даңқтарын қайтарып алады. Ал әйгілі Джо Фрейзермен қарсыластығы спорт тарихындағы жарқын беттерге айналды.


Нақыл сөздері

Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.

Ілмектер: жауап, үнсіздік, алтын Мұхаммед Әли

Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.

Ілмектер: чемпион, арман, мақсат, құлшыныс Мұхаммед Әли

Сен дұрыс айтқанда, ешкім оны есте сақтамайды. Ал қателік жасасаң, ешкім ешқашан ұмытпайды.

Ілмектер: қателік, дұрыс Мұхаммед Әли

Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.

Ілмектер: шындық, дүние, күлкі, әзіл Мұхаммед Әли

Адам жиырма жасындағы көзқараспен елу жаста да қараса, онда ол өз өмірінің отыз жылын жоғалтыпты.

Ілмектер: өмір, көзқарас, жастық, қарттық, адам Мұхаммед Әли

Көбелек сияқты елбеле. Ара сияқты шақ.

Ілмектер: көбелек, ара, шақ Мұхаммед Әли

Мені жолымда ұстайтын нәрсе – менің мақсаттарым.

Ілмектер: жол, мақсат Мұхаммед Әли

Қарап көріңіз