Мұқағали Мақатаев нақыл сөздері

Мұқағали Мақатаев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Мұқағали Мақатаев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.

Ілмектер: тағдыр, өкпе, Өмір, өмірлік ұстаным, табандылық, Оптимизм Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Қыран... Ол өте биікте самғайды, мына күнәлі топыраққа қонғысы да келеді, қонғысы да келмейді. Егер тартылыс заңы болмаса, сол аспанда қала берер ме еді?..

Ілмектер: қыран, топырақ, тартылыс заңы, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Өмір дегенің — бір күндік сəуле екен ғой…

Ілмектер: Өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Ақырын жүрсең сорың сені қуып жетеді, жылдам жүрсең сен сорыңды қуып жетесің.

Ілмектер: жайбасар, ақырын, нақыл, афоризм, сор, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.

Ілмектер: бақыт, бала, балалық шақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Адамдардың жаны менен жүрегін,
Ойлайтын ем, бір кісідей білемін.
Ажырата алмай шуағы мен түнегін,
Танығанға мәз болыппын іреңін.

Ілмектер: адам, нақыл Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Тұрады көкірігіме күйік толып,
Жүремін кейде жанып, кейде тонып.
Күні бойы мазам кетіп қиналамын.
Көрінсем біреулерге биік болып.

Ілмектер: нақыл, адам Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем көпке дейін.
О, өмір ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел оны да жеп көрейін.

Ілмектер: Адам, нақыл Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Қарасаңдаршы,
Қаншама достан айырылдық...
Біріміз нағыз,
Біріміз жалған қайғырдық...
Тазалайықшы,
Ынтымақ деген айдынды.
Қалыпқа түспей тұрғанымызда маймылдық...

Ілмектер: Адамдар, ынтымақ, нақыл Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Адамдардың жаман екенін, жақсы екенін ажыратушы мен емеспін, өйткені өзім де со­лар­дың бірімін.

Ілмектер: адам, жаман, жақсы Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Ілмектер: уақыт, адам, Өмір, дәуір, заман Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге,
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге

Ілмектер: Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе, Өмір, Қайта тұрып, қақың бар, жүгіруге, сүріну Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Ілмектер: тіл, қасиет, бақыт Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Өлгеннен сұра дер едім, тірі жандарға өмір дегеннің не екенін.

Ілмектер: өмір, тірі Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram

Қасиетін сезем деп ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.

Ілмектер: тіл, қасиет Мұқағали Мақатаев
WhatsApp Telegram