Ізтай Мәмбетов

Ізтай Мәмбетов туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Ізтай Мәмбетов (1929-1974ж.ж.) — қазақтың лирик, эпик ақыны, журналист, аудармашы. 1953 жылы ҚазМУ-ді бітірген. «Жұлдыз» журналы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакцияларында, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясында қызмет істеген.

Ақынның алғашқы жыр жинағы «Тұңғыш» деген атпен 1955 жылы жарық көрді. Одан кейін «Бақытты балалық», «Сыр», «Табантал», «Өсиет», «Жалын», «Тарланбоз», «Жылы жел», «Ұзақ жыл», т.б. өлең кітаптары, бірнеше дүркін таңдамалысы баспа жүзін көрген.

Бірқатар шығармалары туысқан халықтар тіліне тәржімаланған. Лермонтов, Пушкин, Байрон, Блок, Брюсов, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.