Пьер Тейяр де Шарден нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Пьер Тейяр де Шарден дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Өмір сансыз көбею арқылы өзін тағдыр соққыларынан аман сақтайды.
Ілмектер: өмір, тағдыр Пьер Тейяр де Шарден
Екі бірдей қуатты — жан мен тəнді бірінен соң бірін өзара ұштастыру — бұл міндетті əзірше ғылым мойындай қойған жоқ.
Ілмектер: қуат, жан, тән, ғылым Пьер Тейяр де Шарден
Табиғатта — бастаудан асқан нəзік əрі ұшқыр ештеңе жоқ.
Ілмектер: табиғат Пьер Тейяр де Шарден
Дүние дегеніміз — шын мəнінде өте ұлы іс.
Ілмектер: дүние Пьер Тейяр де Шарден
Ұяң немесе қарапайым болғандықтан ғана нашар қызметкер атануымызға жол беруге болмайды.
Ілмектер: қарапайым, ұяң, қызметкер Пьер Тейяр де Шарден
Қараңғыдан шыққанда көз қарығады. Кенет биік мұнараның басына шыққан болсаң — қаның тасып, басың айналады немесе бағдарыңнан айырыласың.
Ілмектер: қараңғы, көз, мұнара Пьер Тейяр де Шарден
Пəстік адамзат тіршілігінің жартысын құрайды.
Ілмектер: адамзат, тіршілік Пьер Тейяр де Шарден
Сансыздық пен құшаққа сыймастық дерті.
Ілмектер: дерт Пьер Тейяр де Шарден
Дүниенің тереңдігін өлшейміз деп əлек болған кезімізде — ақылымыздың өзі ұялып жерге кірердей болады.
Ілмектер: дүние, ақыл Пьер Тейяр де Шарден
Ғылым дүниеге заттардың сыртқы көрінісін бақылаудан гөрі басқаша қараған кезі бар ма?!
Ілмектер: ғылым, дүние Пьер Тейяр де Шарден
Кейбіреулер толыққанды өмір сүру үшін барған сайын оқшаулана түсуді қалайды.
Ілмектер: өмір Пьер Тейяр де Шарден
Біздің тəніміз жанымыздан бөлек қоректене алмайды.
Ілмектер: тән, жан Пьер Тейяр де Шарден
Ажалды жеңгіміз келсе, оның бойынан Құдайды көруіміз керек.
Ілмектер: ажал Пьер Тейяр де Шарден
Қатысу ешқашан да мылқау бола алмайды.
Ілмектер: мылқау Пьер Тейяр де Шарден
Біз өзімізді мүлдем аз білеміз жəне ойлағанымыздан əлдеқайда аз басқара аламыз.
Ілмектер: ой Пьер Тейяр де Шарден
Материя бізді жербауырлатып, қимылдатпай тастайды, өлсіз һəм күнəлі қылып қояды. Бірақ сонымен бірге материя дегеніміз
Ілмектер: материя, қуаныш, сезім Пьер Тейяр де Шарден
— бұл бар болу қуанышы, сезіну бақыты, жеңіске жеткізер күш, өсу-өркендеу ғанибеті!
Сүйіспеншілік! Егер мен жаңылысып тұрмасам, маңайымызды қоршағанның бəрін айқынырақ көріп-білуімізге көмектесетін жарық сəуле осы!
Ілмектер: Сүйіспеншілік, сәуле, жарық Пьер Тейяр де Шарден
Бар нəрсені жəне жұрттың бəрін жақсы көру деген — кереғар һəм жалған талап, ол ең аяғында ешкімді де ұнатпайтын жағдайға алып келеді.
Ілмектер: жұрт, талап Пьер Тейяр де Шарден
Күн сайын біздің көз алдымызда таза ғылым мүлдем аңғармайтын жəне аңғаруы мүмкін емес талай жасампаздық актілері жүзеге асып жатады.
Ілмектер: ғылым, жасампаздық Пьер Тейяр де Шарден
Индия негізінен жоғары философия жəне діни қан қысымы аймағына жатады.
Ілмектер: Индия, философия, дін, қан қысымы Пьер Тейяр де Шарден
Міне, сөйтіп, күткеніміз болды: ой туды!
Ілмектер: ой Пьер Тейяр де Шарден
Аста-төктік шексіз көбею кезінде пайда болады.
Ілмектер: көбею Пьер Тейяр де Шарден
Жер — тегінде кездейсоқ жаратылған болуы керек.
Ілмектер: жер Пьер Тейяр де Шарден
Өмір — жол ма, əлде тұйыққа тірелу ме?!
Ілмектер: өмір, жол Пьер Тейяр де Шарден
Өмір — тіршілік иелеріне қарағанда ақиқаттау.
Ілмектер: өмір, ақиқат Пьер Тейяр де Шарден
Ажал ғана бізді толық танып біле алады.
Ілмектер: ажал Пьер Тейяр де Шарден
Өмір мені бəрінен де өзімнен де ұзақ жасайтын ақиқатқа айналар істерге араласу мүмкіндігімен көбірек қызықтырады.
Ілмектер: өмір, ақиқат Пьер Тейяр де Шарден
Өмір бір ғана тұйық сызық бойымен немесе жеке-жеке жаңқалау əдісімен əрекет жасамайды. Ол бір мезгілде бар жүйесін бірдей алға қарай қозғайды.
Ілмектер: өмір Пьер Тейяр де Шарден
Жаратылыстану ғылымдары біздің маңымыздағы шексіз уақыт пен кеңістік тұңғиықтарын жаңқалап жатыр.
Ілмектер: Жаратылыстану, ғылым, уақыт, кеңістік Пьер Тейяр де Шарден
Егер еңбекке кіріскен кезде «неге?» дей алар болсақ — онда біздің бар күш-жігеріміз, бүкіл эволюцияны баса-жанша, жермен- жексен болады: өйткені, біз де — оның бір көрінісіміз.
Ілмектер: еңбек Пьер Тейяр де Шарден
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі