Өлең, жыр, ақындар

Элиас Канетти

Элиас Саломон Канетти (ағылш. Elias Salomon Canetti; 25 шілде 1905, Русе — 14 тамыз 1994, Цюрих) — аустриялық және британдық жазушы, драматург, мәдениеттанушы, әлеуметтік ойшыл. Неміс тілінде жазған. Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1981).


Нақыл сөздері

Қарғыс атқыр кекшілдікті қарғыс атсын: біреудің қолынан ең соңғы бауырым мерт болса да кек алғым келмейді.

Ілмектер: кек, кекшілдік, қарғыс, мерт Элиас Канетти

Бай адам табын-табын мал мен буда-буда ақша жинайды. Адам туралы ойлап, бас қатырып жатпайды: оларды сатып алуға болатынын білгені жетіп жатыр. Билеуші маңына адам жинайды. Оған табын мен буданың қажеті шамалы əрі кеткенде адам жинау үшін ғана керек.

Ілмектер: бай, ақша, билік Элиас Канетти

Құдірет иесінің өзі де қалғып кеткендіктен емес, қорқыныштан көрінбей жатуы мүмкін ғой.

Ілмектер: қорқыныш Элиас Канетти

Кедергілер адамды қатігез етіп жібереді.

Ілмектер: кедергі, қатыгездік Элиас Канетти

Саған керегі — қандай қарапайымдылық! — мəңгілік...

Ілмектер: қарапайымдылық, мәңгілік Элиас Канетти

Ағылшынның арманы — алды-артын қоршаған ағыл-тегіл су үстінде тұрған корабльдегі азғана топтың капитаны атану.

Ілмектер: ағылшын, арман, капитан, кеме Элиас Канетти

Əйгілі авторлардың афоризмдерін оқыған кезде шіркіндер бір-бірін өте жақсы білген екен деп ойлап қаласың.

Ілмектер: әйгілі, автор, афоризм Элиас Канетти

Күнделік жүргізген адам өзімен-өзі сырласады.

Ілмектер: күнделік, сырласу Элиас Канетти

Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар.

Ілмектер: құран, әуен, мақам Элиас Канетти

Жауабы көптің — сауалы көп.

Ілмектер: жауап, сауал Элиас Канетти

Қарап көріңіз