Элиас Канетти нақыл сөздері

Элиас Канетти нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Элиас Канетти дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері

Біздің санамызда өткеннің бəрі ғасыр-ғасырға бөлініп қойылған: олардың маңында басқа ештеңеге орын жоқ.

Ілмектер: сана, ғасыр Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Үндемес өзінің шын елден бүгін жүргенінен əлдеқайда артық сезік туғызады.

Ілмектер: үндемес, ел Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Билеуші ешқашан да толық көшірмейді.

Ілмектер: билік, билеуші, көшіру Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Билеушілер тек өздері ғана тірі қалуға тиіс сияқты көреді.

Ілмектер: билеуші, тірі қалу Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Қарғыс атқыр кекшілдікті қарғыс атсын: біреудің қолынан ең соңғы бауырым мерт болса да кек алғым келмейді.

Ілмектер: кек, кекшілдік, қарғыс, мерт Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Бай адам табын-табын мал мен буда-буда ақша жинайды. Адам туралы ойлап, бас қатырып жатпайды: оларды сатып алуға болатынын білгені жетіп жатыр. Билеуші маңына адам жинайды. Оған табын мен буданың қажеті шамалы əрі кеткенде адам жинау үшін ғана керек.

Ілмектер: бай, ақша, билік Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Құдірет иесінің өзі де қалғып кеткендіктен емес, қорқыныштан көрінбей жатуы мүмкін ғой.

Ілмектер: қорқыныш Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Кедергілер адамды қатігез етіп жібереді.

Ілмектер: кедергі, қатыгездік Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Саған керегі — қандай қарапайымдылық! — мəңгілік...

Ілмектер: қарапайымдылық, мәңгілік Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Ағылшынның арманы — алды-артын қоршаған ағыл-тегіл су үстінде тұрған корабльдегі азғана топтың капитаны атану.

Ілмектер: ағылшын, арман, капитан, кеме Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Əйгілі авторлардың афоризмдерін оқыған кезде шіркіндер бір-бірін өте жақсы білген екен деп ойлап қаласың.

Ілмектер: әйгілі, автор, афоризм Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Күнделік жүргізген адам өзімен-өзі сырласады.

Ілмектер: күнделік, сырласу Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Ницшенің мақамында құранның əуеніне ұқсас бірдеңе бар.

Ілмектер: құран, әуен, мақам Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Жауабы көптің — сауалы көп.

Ілмектер: жауап, сауал Элиас Канетти
WhatsApp Telegram