Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы нақыл сөздері

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Темір арқан болғанда, темір кебіс,
Темір белбеу, темір тон бәрі тегіс.
Іші-тысы бәрі де отпен толар,
Өзіңді құтқар сонан, қылып бір іс!

Ілмектер: құтқар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Дүниедегі ең асыл тіл — араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары — қазақ тілі.

Ілмектер: тіл, араб тілі, қазақ тілі, түрік тілі, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Солай болғаны үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз бәрі жақсы болып, әулие болып өтті.

Ілмектер: қазақ тілі, тіл, нақыл, афоризм Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Түрік тілінің ішіндегі гауһары – қазақ тілі.

Ілмектер: тіл, қазақ тілі, түрік тілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы

Ілмектер: кедейлік, еріншектік, ұйқы, кежірлік Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Шын жақсының бойында болмас кегі.

Ілмектер: кек Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Не нәрсе талаптансаң табылады.

Ілмектер: талап Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Бүгін аш болған қарын ертең тояр.

Ілмектер: бүгін, ертең, қарын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Құдайдың жақсылығы басыңда тұр.

Ілмектер: жақсылық, құдай Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Ер жігіт шешен болып, малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды.

Ілмектер: шындық, жігіт, шешен, мал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram