Бердалы Рысбеков

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Бердалы Рысбеков 1940 жылы 17 мамырда Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. 1957 жылы «Лениен жолы» (қазіргі О.Есимов) мектебін бітірген соң, екі-үш жыл совхозда жұмысшы болып істеп, Ташкенттің ауа-райын зерттеу техникумына түседі. Оны 1963 жылы бітіріп, 1964 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқиды. Университетті аяқтап, екі жылдай ғылыми-зерттеу институтында істейді. 1970 жылы қазақ мемлекеттік университетін бітірген, содан бері Шымкент облысы, Келес ауданында ағартушылық қызметте-Келес аудындық оқу бөлімінде әдіскер, мектеп директоры, 1979 жылы аудан орталығы Абай ауданында Қазақстанның 50 жылдығы және жұмысшы жастарды сырттан оқу және кешкі мектебінде мұғалім болды. 1995 жылдан бергі уақытта О.Есимов орта мектебінде оқұшыларға физикадан сабақ берді. Қазір зейнеткер, Сарыағаш ауданының ұлағатты ұстазы.

Шығармашылықпен 1960 жылдан бастап айналысады. 1966-1967 жылдары тұнғыш фантастикалық әңгімесі «Тасқа айналған қыз» 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында, «Құс жолы» фантастикалық әңгімесі «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Содан бері республикалық баспасөзде: «Білім және еңбек», «Қазақстан әйелдері» журналдары мен газеттерде жарияланып келеді. 1968 жылы «Халық творчество үйі» жариялаған бәйгенің жңімпазы. 1985 жылы «Аппақ қар туралы ертегі» кітабы (ертегілер мен әңгімелер), 1987 жылы «Құмырсқа баласы, Құмыршақтың басынан кешкендері (әңгіме) кітабы жарық көрсе,1986 жылы «Қызыл сәуле» атты топтама жинақта фантастикалық әңгімелері шықты. 1989 жылы бір әңгімесі «Байғазы», «Өзіұшар» атты топтама жинақта басылды.

Бердалы Рысбеков шығармалары

Автордың бөлімдері

Автор туралы Туындылары