Б.Қ.О., Қаратөбе ауданы
Ақтай ауылы
«Қаракөл ЖОББМБ» КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі
Қоңыршиева Айгүл Хайроллақызы
Сыныбы: 3
Пәні: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Түбір мен қосымшаның жазылуы»
Мақсаты: Түбір мен қосымшаның жазылу жолдарын түсіндіре отырып,сөз құрамын талдауға үйрету.
Білімділік: Оқушылардың түбір мен қосымша туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын, ойлау қабілетін, ой-өрістерін, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Сауатты жазуға, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдістері: СТО жобасы, сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Слайд,сызба, семантикалық карта, үлестірмелі тапсырмалар.
Барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Психологиялық дайындық.
«Шаттық» шеңберіне тұрып, тілектер айту.
Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу.
І. Қызығушылықты ояту.
«Қарлы кесек?» ойыны (Өткен сабақты пысықтап өту үшін үлестірмелі тапсырмаларға жауап беру).
Сұрақтар:
1. Түбір дегеніміз не?
2. Қосымшаның түрлерін ата.
3. Жұрнақ дегеніміз не?
4 .Жалғау дегеніміз не?
5. Білгіш сөзінің түбірі мен қосымшасын тап.
6. Туынды сөз қай қосымша арқылы жасалады?
7. хана жұрнағына сөз қосып, т уынды сөздер жаса.
8. Сөздің түбірге жалғанған бөлігін не дейді?
Көркем жазу минуты.Білім-өмір шырағы.
ІІ. Мағынаны тану.
59-жаттығу.
Күй, жыр сөздеріне төмендегі қосымшалардың тиістілерін қосып жаз.
Күй+ші, күй+ге, күй+лер. Жыр+шы, жыр+дың, жыр+лар, жыр+ла.
Ержелерге назар аударту.
Жаттығу жұмыстары.
Оқулықпен жұмыс.
60-жаттығу. Сөйлемдерді түсініп оқы.
1. Құстың ең қырағысы-сұңқар. Ол бір шақырым қашықтықтан титімдей жәндікті көре алады. 2. Құстардың ішіндегі жүзгіші-пингвин. Ол сағатына отыз шақырымға дейін жүзе алады. 3. Дүниеде күн көзіне тура қарай алатын құс-тек бүркіт қана. 4. Қарлығаш ұсақ жәндіктерді тек қана әуеде ұшып жүріп қана аулайды.
Тынығу сәті.
Тақтамен жұмыс.
61-жаттығу. Көп нүктенің орнына –лар, -лер,-тар,-тер, -дар, -дер жалғауларның тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
ақпараттық ізденіс.
Өздік жұмыс.
Семантикалық картаны толтыр.
Сөз құрамы |
сөздер |
||||
кітап |
басшы |
келді |
қобызшы |
құлақшын |
|
Түбір |
|
|
|
|
|
Жұрнақ |
|
|
|
|
|
Жалғау |
|
|
|
|
|
Бекіту сұрақтары:
Ережелерді еске түсіріп, жалғастырып көр:
Қосымша жалғанғанда түбір сөздер____________________.
Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса,___________________ .
Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса,_________________.
Толғаныс.
Кері байланыс (қорытындылау)
«Бүгінгі сабақта...»
Бүгінігі сабақта сізге не үнады? |
Бұл сабақта сізге не қиын болды? |
Бұл саған не үшін қиын болды? |
Бұл қиындықты қалай жеңесің? |
Үй тапсырмасы. Үйге тапсырма:
а) Ережелерді ереже дәптерге жазып, жаттау.
ә) 62-жаттығу. 133-ші бет.
62-жаттығу.
Шығармашылық тапсырма. Суреттегі нәрелердің атына жалғау жалғап жаз.
Жалғау жалғанған сөздерді сөз құрамына талда.
Алмалар, көзге, мысықтар, көбелектер, ешкіні, шиелер, бұзауға, құлыншақтар.
Бағалау.
- Роберт Вальзер
- Роберт Вальзер
- Роберт Вальзер
- Роберт Вальзер
Барлық авторлар