Өлең, жыр, ақындар

Ғалымдар әлеміне саяхат

Павлодар қаласы

Качир ауданы

Федоровка ЖОББМ-нің

Математика пәнінің мұғалімі: Садыков Арынғазы

2015-16 оқу жылы

 

Мақсаты: Оуқшыларды пәнге қызықтыру оларды логикалық ой-өрісін дамыту, білім, білік дағдыларын шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: білімге құштарлығын қалыптастыру, ұлттық дәстүрлі ойындар негізінде оқушының ой-өрісін дамыту.  Ақыл-ой тәрбиесі болып табылатын адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: мультимедиа, плакаттар, ойынға қажет әртүрлі заттар.

Ойынның барысы:

1. Таныстыру – топтың аты, эмблемасы

2. Ғалымдармен танысу (дұрыс айтқан оқушыға 1 ұпайдан беріледі)

3. «Қызықты есептер» - логикалық есептер ( 3 ұпайдан әр оқушыға)

4. «Логикалық сұрақтар» (2 ұпайдан)

5. Қорытынды

 

1-сайыс: топтардың өздерін таныстыруы, ұпай 5. (барлық топ өз атаулары мен эмблемаларын таныстырып өтеді)

2-сайыс: Ғалымдармен танысу  (әр оқушыға 1 ұпайдан беріледі)

(Ғалымдармен танысу сайысында 12 сұрақ қойылды, әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріледі.)

1. Ол - әлемнің бірінші ұстазы. Өзі әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик, физик және ботаник, зерттеуші. Ол....

2. 8 ғасырда Орта Азиядан шыққан араб математигі, адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуына үлес қосқан. Ол өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған 8 кітабы бар  Хорезм  елінен шыққан әйгілі ойшын  ғалым, астроном және математик, тарихшы......

3. Грек математигі, астрономия және география саласында жақсы меңгерген. Ол ең бірінші әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған...

4. Ол Б.з.д ІІІ-ІІ ғасырда өмір сүрген  Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Бұл ғалымды біз бір-ақ сөзінен танимыз. Ол сөз - "ЭВРИКА" бұл ғалым....

5. Тағы да..... ежелгі грек ғалымы, маханик, математик,географ сонау Көне Вавилонда аспан денелерін зерттеген ғалым ол....

6. Ол франсуз ғалымы, математигі, физик және философы. Қазіргі математика саласының дамуына өз үлесін қосқан атақты ғалым. Ол  көбіне геометрия саласында жұмыс жасаған....

7. Ұлы неміс жерінен шыққан ғалымдары өте көп, соның ішінен таңдап алған ғалымымыз ол физик, астроном және математик. Алгебра саласында сандар теориясын, тартылыс теориясы тағы да сол  сияқты заңдардың ашылуына орасан зор ықпал еткен....

8. Бұл ғалым математика ілімінің негізін қалаған. Ол жерің шар тәріздес екенін ең алғаш ұсынған, және үшбұрыштардың қабырғалын табудың формуласын ұсынған  грек ғалымы.....

9. Бұл ғалым....... Орта Азиядан шыққан! Әлемге әйгілі математик. Ол астрономия саласына қажетті барлық құрал-саймандарды ойлап тапқан ғалым.

10. Әлемге әйгілі математик. Ол математика есептерге қағаз орнына орама жапрақ қолданған. Ғалымның есептері қазіргі кезде да көп жерде қолданады.

11. Әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик т.с.с.  бұл ғалым туралы айта берсек таусылмайды. Математиканың дамуына өз үлесін қосқан атақты ғалым. Бір сөзбен айтқанда "Әлемнің екінші ұстазы"...

12. 17-18 ғасырда өмір сүрген Неміс математик, физигі. Ол көбінесі  философия мен физикада атомдарды зерттеген. Ол ....

Жауаптары:

1. Аристотель        

Бұл кісінің есімі халық арасында бұрыннан-ақ белгілі. Абайдың «Ескендір» поэмасындағы қанқұйлы, дүлей күш Ескендірді тоқтатқан Аристотель асқар таудай ақыл иесі ретінде танылады. Шынында Аристотельдің барлық халықтар, барлық ұрпақтар тарапынан ерекше баға алып, қошеметке бөленуі тегін емес. Ол өз заманында адам баласына керек білімнің барлық салалары бойынша қалам тартып, керемет ғылыми тұжырымдар жасаған.

Аристотель 1000 жуық жаңалықтар ашқан.

2. Әл – Хорезми 780 – 850 жж
Араб математигі  Әл – Хорезми  Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы.

  1. Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;
  2. Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;
  3. Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған;
  4. Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
  5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
  6. Күн сағаттары туралы кітап;
  7. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;
  8. Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.

3. Эратосфен (Б.д.д. 276 – 194 жж) - грек ғалымы, математикамен қатар астрономия, география, тарихты да жақсы білген. Ол жай сандарды табудың тәсілін ойлап тауып, сол кездегі белгілі әлем картасы мен аспан денелерінің картасын жасаған, сондай-ақ (високосный) жылды еңгізудің қажеттілігін негіздеген. Оның негізгі жетістігі – Жердің көлемін адамдар оның шар тәріздес екенін білгенге дейін есептеп шығаруы. Өз есептеулерінің негізінде ол картада белгіленбеген мұхиттың әлі де орасан үлкен кеңістіктері бар екенін болысады және оның айтқаны дұрыс келеді.

Эратосфен елегі

Ғалымдар ерте кездерден бастап-ақ жай сандарды зерттеген. Жай сан ұғымын біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда ежелгі грек ғалымы Пифагор енгізген.

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда өмір сүрген грек математигі Евклид жай сандардың шексіз көп екендігін, ең үлкен жай санды атап көрсету мүмкін болмайтынын атап көрсету мүмкін болмайтынын дәлелдеген. Евклидтен біршама кейінірек Александрияда өмір сүрген ежелгі грек математигі Эратосфен жай сандардың кестесін жасауға арналған өзінің тәсілін ұсынды.

Эратосфен кестесінің алгоритмі

Эратосфен балауыздан жасалған тақтайшада натурал сандар ды алып тастап отырған. Сонда алғашқы кесте елек тәрізденіп, онда тек қана жай сандар қалған. Сондықтан оны Эратосфен елегі деп атаған.

Жай сандардың кестесін даярлаудағы Эратосфен тәсілі:

  • Алдымен 2 санынан бастап барлық натурал сандар жазылады. Мысалы, 2-ден 40-қа дейінгі барлық натурал сандарды тізіп жазу керек. Бірінші ретте- 2 санынан басқа, 2- ге еселік сандардың барлығы сызып тасталады.
  • Кестеде 2 және 3 сандарынан кейін 5 саны қалады. Үшінші ретте- 5 санынан басқа 5-ке еселік сандардың барлығы сызып тасталу қажет.
  • Сонда кестеде 40-тан кіші жай сандар ғана қалады. Бұл кесте 40-тан кіші жай сандар кестесі болып табылады.

Кестедегі 2 санынан басқа қалған сандардың кез келгені 2-ге бөлінбейді. 2, 3, 5, 7, 11, 13, 15, 17, 19, 23, 29, 31, 37 Осындай реттілікпен қалаған санға дейінгі кестені даярлауға болады

4. Архимед  (Б.д.д. 287 – 212 жж)

Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында, туып сонда өмір сүрген. Гидростатика принципін ашқан Архимед шомылып жатқан жерінен тыр жалаңаш атып шығып, сол күйінде: «Эврика»-деп айқайлап, көне аралап жүгірмемен белгілі. Аса көрнекті грек математигі болған ол П санының 3 ондық бегісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын», - деген.

5. Гиппарх

Гиппарх Никейский (шамамен 190ж б.з.б.- 120ж б.з.б.) - көне уақыттың ғаламат астрономы атанатын II ғасырда өмір сүрген грек астрономы, механик, географ, математик. Гиппархтың ең бағалы еңбегі оның Көне Вавилон астрономиясына грек геометриясындағы аспан денелері қозғалысы моделіне жуық дәлдік алып келгені болып саналады.

6. Рене Декарт (1596-1650жж.) - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.

Шығармалары

Декарттың ең негізгі философиялық еңбектері: «Әдіс жөніндегі пікірлер»,(Discours de la méthode) «Метафизикалық толғаныстар» («Бірінші философиялық толғаныс» деп те аталады, Méditations métaphysiques, «Философия ережелері»(les Principes de la philosophie)қатарлылар.

7. Карл Фридрих Гаусс (30 сәуір 1777, Брауншвейг — 23 ақпан 1855, Гёттинген) — ұлы неміс математигі, астрономы және физигі, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі. 18 ғасырдың соңында Германиада бір сабақта мұғалім оқушыларына "1 - ден 100 ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды" тапсырыпты. Оқушылардың біреуі: ізделген қосынды 5050-ге тең деп жауап беріпті. бұл оқушы кейіннен аты әлемге әйгілі болған Математиктер королі Карл Фридрих Гаусс екен.

Еңбектері

Геттинген университетінде оқыған (1795 — 98).

1807 жылдан Геттинген универститетінің профессоры және Геттинген астрономиялық обсерваториясының директоры болды.

Оның еңбектері алгебраның, сандар теориясының, дифференциалдық геометрияның, тартылыс теориясының, электр және магнит құбылыстарының классикалық теориясының, геодезияның, теориялық астрономияның дамуына орасан зор ықпал етті. Кез келген алгебралық теңдеудің кем дегенде бір түбірі болатындығы жөніндегі алгебраның негізгі теоремасын дәлелдеген (1799). Гаусс сондай-ақ, астрономия, ықтималдық теориясы, шексіз қатарлар теориясы, потенциалдар теориясы, т.б. салалар бойынша да іргелі еңбектер жазған, жоғары геоздезияның математикасы негізін қалаған. Ол өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерді есептей отырып, ең кіші квадраттар тәсілін және 3 рет бақылау нәтижесінде планеталардың эллипстік орбитасын есептеу тәсілін ұсынған.

1830 — 40 ж. неміс физигі В. Вебермен біріге отырып теориялық физикадан елеулі табысқа жетті. Сөйтіп электр магниттік бірліктердің абсолют жүйесін (қ. Бірліктердің СГС жүйесі) құрды.

1833 ж. Германиядағы тұңғыш электр магниттік телеграфты құрастырды. Ол Н.И. Лобачевскийдің еңбектерінде дамытылған Евклидтік емес геометриялардың идеяларына ерекше мән берді.

~(1+100)+(2+99)+......+(49+52)+(50+51)=(100+1)*50=5050

8. Пифагор Б.э.д. 569 – 475ж.

Грек ғалымы Пифагор матиматикаға негізделетін құпия ілімнің негізін қалады. Ол сандардың барлық нәрсе екенін және математиканың көмегімен кез келген құбылысты түсіндіруге болатынын дәлелдеген. Мысалы, ол музыкалық аспаптың табиғи көлемінің жартысына тең музыкалық ішек кесіндісінің бір октаваға жоғары дыбыс шығаруға мүмкіндік туғызатынын ашқан. Пифагор жердің шар тәріздес екенін бірінші ұққан және дұрыс ұшбұрыштардың әйгілі теоремасын дәлелдеген. Ол сондай-ақ нысанын өзгеруге сенген және тамаққа бұршақтарды салуға тыйым салған. Пифагор сандары – натурал сандар үштігі, бұл сандар ұшбұрыш қабырғаларының ұзындығына пропорционал (немесе тең) болса, онда ұшбұрыш тіктөртбұрышты болып табылады. Бұл үшін Пифагордың кері теоремасы бойынша ол сандардың x² + y² = z² түріндегі диофант теңдеуін қанағаттандыруы жеткілікті (мыс., x = 3, y = 4, z = 5) өзара жай Пифагор сандарының кез келген үштігі мына формулалар арқылы анықталады: x² = m² - n², y = 2mn, z = m² + n², мұндағы m және n – бүтін сандар (m > n > 0).

9. Ғийас Әд-Дин Ибн Масуд Жәмшид Әл-Кәши

(Ғиасуддин Жәмшид әл Кашани , т.ж.б. – шамамен 1436/37) – математик және астроном, Орталық Азиялық ұлы ғалым.

Көлемді 10 – 15 кітап жазған.

Арифметика кілті (1427) деген еңбегінде көрсеткіші натурал сан болатын бином формуласын пайдалануға негізделген түбір табу тәсілдері баяндалған;

Жәмшид әл Кашани — Ислам кезеңіндегі әйгілі ғалым, математиктердің бірі. Ол астрономия саласына қажетті дәл өлшейтін құралдар ойлап тапты. Еуропалық ғалымдар Ғиасуддиннің математика саласындағы білімі еуропалықтардан жоғары екенін мойындаған.

Ғиасуддин Джамшид Кашани қамаридің 824 жылы Ұлықбектің шақыруымен Самарқандқа кетіп, қаладағы обсерватерияны басқарды. Оның математика саласындағы белгілі еңбектеріне "Пи" саның, яғни шеңбер периметрінің радиусына деген қатысты үлкен дәлелдікпен шығаруы жатады. Оның бұл өнертабысына келесі 150 жылға дейін теңелетін өнертабыс болмады.

Ғиасуддин Жәмшид Кашанидің математиматика саласындағы әдістері соншалықта қызықтыратындай болғаннан, үлкен математиктер оларды ұқыпты зерттеген.

Ғиасуддин Жәмшид Кашанидің математика саласында көптеген маңызды еңбектері бар. Олардың бірі "Ресале Мухитие". Ол бұл кітабін қамаридың 827 жылы аяқтаған. Дәл осы уақытта оның бір нұсқасы Мешхедтегі Разави кітабханасында бар.

10.  Ахмес   (Шамамен б.д.д 1700ж)

Әлемге әйгілі бірінші математиктің есімі – Ахмес. Б.э.д 1700ж оның математикалық есептегре құрылған еңбегі ұзындығы 6 метр (20 фунт) папирус орамасына жазылған. Солардың біреуі санды ұдайы екі еселеу арқылы көбейту тәсілін көрсетеді. Осы есеп бинарлық жүйеге із салады, соның арқасында бүгінгі сандық техналогияларға қол жетті. Ахмес тек осы қағаз ораманы көшіріп жазып алды, оның нағыз авторларының есімдері белгісіз.

11. Әбу Насыр Әл-Фараби   (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ‎) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама.

Арифметиканың негізгі ұғымы сан. Фарабидің түсіндірілуі бойынша, сан объективті ақиқат нәрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни «көзбен көріп, қолмен ұстауға» болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептелуге тиісті қырларын бейнелейді.

Фарабидің айтуынша, теориялық арифметика үш тарауды қамтиды: 1) сандардың бір-біріне қатыссыз жеке-дара қасиеттерін қарастыратын тарау (жұп және тақ сандар, кемел, жазық, т.б. сандар теориясы); 2) сандардың бір-біріне қатысты қасиеттерін қарастыратын тарау (теңдігі, теңсіздігі, қатынасы, пропорция, өзара жай сандар, еселі сандар, т.б.); 3) сандарға амалдар қолдану.

12. Готфрид Вильгельм Лейбниц

Готфрид Вильгельм Лейбниц, (1646-1716) - неміс философы және ғалымы, жаңа заман философиясының  рационолистік дәстүрінің жалғастырушысы. Ол болмыстың мәнін ашуға талпынды. Оның пікірінше, болмыс ұсак ерекше рухани бөлшектер - монадалардан тұрады. Монадалар - болмыстың алғашкы элементтері, атомдар. Лейбниц өткен философияның маңызды нәтижелерін жаңа ғылыми білімдерімен өзі ұсынған. Методологиямен сәйкес тендіруге талпынды.

3-сайыс «Қызықты есептер» дұрыс жауапқа 5 ұпай.

(Бұл сайыстар барлық командаға 14 сұрақ қойыларды, әрбір дұрыс жауап берген командаға 5 қпайдан беріліп отырады)

1. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?

2. Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады?

3. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?

4. Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

5. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?

6. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?

7. Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)

8. Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады? (2 кг)

9. 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең)

10. Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?

11. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?

12. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.

13. Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?

14. Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?

4. «Логикалық  сұрақтар » (2 ұпайдан) (логикалық сұрақтар оқушының ойлау қабілетін арттыру мақсатында ойнатылады)

  1. Бес екіліктің нәтижесінде 7 шығатындай етіп таңбамен біріктіру керек.  2*2*2*2*2=7
  2. Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып, 5 орындықты бөлмеге орналастыру
  3. 1 Жұмыртқа 4 минутта піседі, 4 жұмыртқа неше минутта піседі?
  4. Бақтиярдың 4 ұлы бар, олардың  әр  қайсысының туған қарындастары бар. Бақтиярдың неше ұлы, неше қызы бар?

5. Қорытынды: (Нәтижесін шығару. Жеңіске жеткен команданы марапаттау, және әртүрлі сыйлықтар мен мадақтама қағаздарын беру)


Пікірлер (2)

saramakuova

yes логикалық сұрақ қою - ұтымды идея . Оқушыларыңыз 11 сынып тәмамдағанда математикалық сауаттылықтан қиналмасы һақ!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз