Өлең, жыр, ақындар

"Алтай таулы өлкесі" география 8 сынып

Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің география пәні мұғалімі

Тамимова Айнагуль Меркеновна

Тақырыбы: «Алтай таулы өлкесі»

Мақсаты:

  1. Оқыту үйрету: оқушыларға Алтай тауының ерекшеліктерін, геологиялық құрылысының күрделілігін түсіндіру.
  2. Дамыта оқыту: Алтай тауының жер бедерінің климатқа әсерін мұздықтар туралы білімдерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Еліміздің қайталанбас табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Қазақстанның физикалық географиясы
  2. Алтай тауының түрлі-түсті суреттері
  3. Түсті металдар коллекциясы
  4. Жануарлар дүниесінің суреті
  5. Бұқтырма өзенінің суреті 

Сабақтың типі: аралас сабақ

1. Ұйымдастыру

2. Жаңа тақырып

Сұрақ: Қазақстан аумағы табиғи аудандастыру дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауабы: Қазақстанды физикалық географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л.С.Берг аудандастырған. Сол уақытқа дейін республика жері физикалық география тұрғыдан әлі толық зерттелмеген болатын. Федорович Б.А. басқарған ғалымдар тобы. 1970 жылы Қазақстан аумағын 8 табиғи ауданға бөледі. Олар:

  1. Шығыс Еуропа жазығы
  2. Батыс Сібір сазығы
  3. Тұран жазығы
  4. Орал таулы жазығы
  5. Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі
  6. Тянь-Шань таулы өлкесі

Дәптермен жұмыс

  1. Алтай тауының географиялық жүйесі. Тірек сызбаға жетіспейтін тауларды жазу.

Сұрақ: Алтай тауы не мағынаны білдіреді?

Жауап: Түркі, монғол тілдерінде «алтан» - алтын деген мағына.

Суретті экранда көрсету. Өсімдік әлемі

Сұрақ: Табиғат әсем денсаулық сауықтыру орындары көп?

Мысалы: Рахманов бұлағы – Радонды  шипалы су шығады. Ертеде аңшы осы радонды шипалы суда маралдың емделіп тұрғанын көрген. «Рехреациялық» - аудан 1992 жылы – Батыс алтай мемлекеттік қорығы құрылды. Ауданы 12,5 мың га.; өсім – 564 түрі; балықтың – 5, құстардың – 131, жануарлардың  50 түрі қорғалды.  Марқакөл қорығы – 1000 астам өсім, балықтың – 4, қосмекенділердің – 3, жорғалаушылардың – 6, құстардың – 250 жуық сүтқоректілерден ілбіс, қоңыр аю, сілеусін, хамшат, құстардан қара дегелек, алтай ұлары, ақбас тырна т.б. жануарлар тіршілік етеді. Ең негізгісі – марал – мүйізінен «пантакрий» дәрісі жасалады.

Топтық жұмыс. 5 топқа бөліп, 5 конверт таратылады. 3 минут уақыт беріледі.

< > Геологиялық құрылыс жер бедеріПайдалы қазбаларКлиматыІшкі суларыТабиғат зоналарыКез келген ауданды оқуды неден бастаймыз?Алтайдың геологиялық құрылысы жайлы не білдік?Пайдалы қазбалары қандай тау жыныстарымен байланысты?Алтай тауының климаты туралы топ нені меңгерді?Ішкі сулары?Обь, Ертіс өзендерінің су айрағыПолиметалл кеніне байТау климатына тән заңдылықМұздықтарға бай, көлге бай.Биіктік белдеулік байқалады.Қорықтар ұйымдастырылған.

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптер 50-51 беттерді толтыру. Оқулықтан жоталар атын жазу, белгілеу


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз