Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
"№7 ЖОББМ" КММ-сінің
Математика пән мұғалімі: Шуктаева Шолпан
Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты:
1. Оқушылардың өз бетінше ойлау, білу, есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылығын дамыту. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру.
- ойын шарттарына сүйене отырып, олардың алған білімдерін тексеру.
- ең бастысы таным белсенділігін арттыру.
- сондай –ақ іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынға керекті әртүрлі заттар, плакат,суреттер.
Жүргізуші.
Төртбұрыш пен үшбұрыштар білгіштер
Бар өнерін алдарына салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Есептен сайысады қос тобымыз,
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
(2-топ ортаға шығып бөлініп отырады.)
Жүргізуші.
Шеберлікпен білімді,
Сараптап сіздер көріңіздер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңіздер
(Әділ қазы алқасымен таныстыру)
Сайыс бөлімі
1. Танысу
2. Салемдесу сайысы
3. Үй жұмысы (мақал –мателдер 1,2,3,4,5сандарына)
4. Кім тапқыр?
5. Эстафеталық есептер.
6. Жұмбақтар
7. Әріпен жазған теңдіктерді математикалық тілге аудар
8. Капитандар сайысы
9. Ойын (жіп қию)
10. Қандай математиктерді білесіңдер
Жүргізушінің сөзі: Фигура да латын сөзі,
Бейне ұғымын береді
Азаматқа ежелден ақ
Қызмет етіп келеді
4. Кім тапқыр (Фигурада неше ұшбұрыш бар)
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күші бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
5. Эстафеталық есептер
І-топ ІІ-топ
а) 295+547-705 а) 221+227+273
б) -8+(-29) б) -0,6+(-0,3)
в) -1,9·0,6 в) 5,9·(-3,5)
г) 3,57:(-0,7) г) -9,3 :(-3,1)
Жүргізуші: Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп қисап,сан-цифр термек үшін
Көрсетіп есептеудің жолын қалай
Келдім оларды айтып бермек үшін
- деп ойынымызды жұмбақ шешу бөлімді бастаймыз.
1) Математик, дәрігер, ақын, музыкант екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім (Әл-Фараби)
2) Нәрселерді санағанда.
Керек ол бізге ауадай
Айтыңызшы бұл қандай сан
Жан жағыңа қарамай (натурал сан)
3) Жоқ – өзінде бас та қас та мойында,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
4) Сұр тырнаның сабағына
Ұшып келді отыз тырна
Олардың тек он бесі
Дайындалған сабаққа
Неше жалқау тырналар
Дайын емес сабаққа. (15)
5) Өмірің сенің қызық
Жолыңда жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ аяғы
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
7. Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жастықтан емесің сен, қаталдаусың
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың-дей келе математиканың өз тілі бар-ол формула атты сайысты бастаймыз. (әріпен жазылған теңдіктерді математикалық тілге аудар)
8. Жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын-деп
Капитандар сайысын бастаймыз (Виктариналық сұраққа жауап)
1) Үш таяқтың неше ұшы бар. (6)
2) Алманың жартысы неге ұқсас. (өзінің жартысына)
3) Практикалық есеп.
Лентаны көз мөлшерімен І-топ 20см және ІІ-топ 30 см кесіп алу керек.
9. Ойын (жіп қию)
Ойын шарты: Әр топтан бір-бір оқушы шақырылып, оның көзін байлап, айналдырып-айналдырып, жіпке қарай жіберемін. Қай оқушы жіпке ілулі тұрған фигураны қырқып алса, сол топқа ұпай қосылады.
10. Қандай математиктерді білесіңдер
Сайысымыздың соңғы сәті тайап қалды
Ал әділ қазылар сөз салады
Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтап
Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады.
Қортынды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі